Қазақстанда 5 жылда тағы да 30 мың шақырым автожолды қалпына келтіру жоспарланған - Ж.Қасымбек

Қазақстанда 2020 жылға дейін шамамен 30 мың км жолды жөндеу жоспарлануда, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР инвестиция және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек.

2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында шамамен 30 мың км жолды жөндеу жоспарлануда. Осынау көрсеткішке қол жеткізу үшін бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылмақ. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы ақталуға жақын. Жалпы ұзындығы 8 мың км болатын халықаралық дәліздің 2,8 мың шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. 

«Жобаның қолға алынғанынан бері 1,7 мың км жол қалпына келтірілді. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 157 км жөнделмек», –  деп басып айтт ол. 

Бұдан өзге, ол Шымкенттен Ресей Федерациясына дейінгі қозғалысты ашу жоспарланғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс атты үш бағыттағы жобалар жүзеге асырыла бастады. Аталмыш дәліз ел аумағы арқылы өтетін барлық халықаралық бағыттардың бойына қан жүгіртпек. 

«Нәтижесінде 2020 жылға қарай автокөлік тасымалы арқылы жүзеге асырылатын жүк тасымалы 1,5 есеге артпақ», - дейді
ведомствон басшысының орыньасары.

«Ең ірі жобалар қатарында Үлкен Алматы айналма жолы да бар. Оның ұзындығы 65,5 шақырым. Қазіргі таңда жобаның техникалық құжаттамасы толықтай аяқталған. Бүгінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының мақұлдауын алып жатыр», - дейді Ж. Қасымбек.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу