Қазақстанда елімізді индустриаландыруға қосқан үлесі үшін 8 шетелдік инвестор марапатталды
Бүгін Астанада Қазақстандағы белсенді қызметі, индустриаландыруға қосқан үлесі, инвестициялық қызметті кеңейту және жоғары технологиялы өндірістерді дамытқаны үшін 8 шетелдік инвестор марапатталды, сәйкес салтанатты жиын Астанада ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен өтті.
«Мен барлық шетелдік инвесторларға алғысымды білдіргім келеді, күрделі кезеңде бірінші бесжылдық аясында жобаларды жүзеге асыруға қолғабыс көрсетті. Инвесторлар Қазақстанға алғашқы технологиялар мен мамандарды дайындау әдістерін әкелді», - деді Ә.Исекешев.
Биыл жапондық Shimadzu (ОҚО-да рентген құрылғыларын шығару зауыты) мен NYK Line (Алматыдағы көлiктiк терминалдың құрылысы), немiстiң Heidelberg Cement (4 бетон және цемент зауыттары) пен Metro Cash&Carry (Астана, Алматы қалаларында және ШҚО, Павлодар, ОҚО, Қарағанды облыстарында 8 сауда үйлерiнiң құрылысы), Түркияның Galaksi Group (Алматыда құрылыс материалдарын шығару өндiрiстерi), Австралияның ORICА (құрылысқа қажеттi тауарлар), Оңтүстiк Кореяның POSCO (ШҚО-да титан өнiмдерiн шығару зауыты) компанияларының инвестициялық белсендiлiктерi елендi.
Ә.Исекешев елдiң экономикасына елеулi үлес қосып келе жатқан инвесторларға сәттiлiк пен жоғары табыстар тiлеп, болашақта бұл әрiптестiк одан әрi дамитындығына сенiм бiлдiрдi.
Министрлiктiң ақпараты бойынша, 2010 жылдан берi Қазақстанда шикiзаттық емес салаға 15,9 млрд. доллар тiкелей шетел инвестициялары тартылған. Бұл мұның алдындағы бесжылдықтағы инвестициялар көлемiнен 2,5 есе көп.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз