Қазақстанда жаңа телеарна іске қосылады

Наурызда қазақстандықтарға тек қана отандық өндірістің сериалдары мен деректі, көркем фильмдері таратылатын жаңа «Ел арна» телеарнасы ұсынылады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

Телеарна көрсетілімі барабандық тәсілмен, шетелдік TV1000, «Дом кино» телеарналарына ұқсас ретте құрылады. Таратылымның кем дегенде 50% қазақ тілінде жүргізіледі. 

Д. Абаевтың айтуынша, осындай атауы бар бұрынғы арнадан жаңасының форматы түбегейлі түрде өзгеше болады.

«Бұл мүлдем жаңа формат болады. «Ел арна» өте жақсы бренд. Сол себепті де, біз оны сақтап қалғымыз келді», – деді министр.

Қазіргі таңда министрлікте 1940 жылдардан бастап шығарылған кинотаспаларды арнада тарату мүмкіндігі туралы мәселе пысықталуда.

Еске сала кетейік, осы аттас телеарна 2014 жылғы наурызда өз көрсетілімін тоқтатып, оның жиілігінде «24.kz» жаңалық тарату арнасы көрсетіле бастады. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу