Қостанай облысында 878 млн теңгеге инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды
Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша биылғы жылы құны 878 млн теңге болатын инфрақұрылымдық нысандар салынды, деп хабарлады осы өңірдің әкімдігінде.
«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2010 жылдан бастап өндірістік инфрақұрылымның 15 жобасын жүзеге асыруға 4 млрд теңге бөлінді. 2014 жылға дейін Қостанай қаласында жалпы ұзындығы 7,2 шақырым болатын Узкоколейная, Складская, Рабочая, Дружба, Бородин көшелерінің жолдары жөндеуден өткен болатын; жалпы жол ұзындығы 1,726 шақырым болатын дизель зауытына кіреберіс салынды; Үй салу комбинатына алаңнан тыс электр және газбен қамтамасыз ету желілері салынды», - делінген ведомство хабарламасында.
Әкімдіктің мәліметінше, 2014 жылға аталған Бағдарлама бойынша 1 млрд 147 млн теңге бөлінді, олардың ішінде 10 айда 878 млн. теңге немесе 76 пайыз игерілді: Солнечная көшесі шекарасындағы Авиационная көшесін – жалпы жол ұзындығы 3,26 км болатын Қостанай қаласының Федоров трассасындағы жол торабында; жалпы ұзындығы 0,8 км болатын Үй салу комбинаты жанынан алаңнан тыс инженерлік коммуникациялар мен автожолдарда жөндеу жұмыстары аяқталды; Қостанай қаласында пластик терезелер мен шыны пакеттер құрастыратын Шеберханаға алаңнан тыс газ құбыры салынды.
«Жыл соңына дейін «ССГПО» АҚ өнеркәсіптік алаңында өнімділігі 1500 тонна/тәулігіне болатын Цемент зауытына сыртқы көліктік және инженерлік-коммуникациялар тарту және Қостанай ауданындағы Затобольск ауылында «ДЕП» ЖШС өндірістік кешенінде электрмен жабдықтау жүргізу аяқталады», - деп мәлімдеді ведомствода.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз