Қостанай облысында алғашқы 6 айда БЖК аясында 52 жоба мақұлданды

2015 жылдың алғашқы 6 айында Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 52,5 млрд теңгені құрайтын 52 жоба қолдауға ие болған, деп хабарлайды «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қорының облыстық филиалында.

«Субсидиялау бойынша аймақтық үйлестіру кеңесі 5 млрд 454 млн 500 мың теңгенің 52 жобасын мақұлдады. 2 млрд. 840 млн. 900 мың теңгенің 66 субсидиялау келісім-шартына қол қойылды. Кепілдендірілген 194,9 млн теңгенің 27 жобасы қолдауға ие болды, 201,8 млн теңгеге кепілдік шартына қол қойылды», - деп хабарлайды қорда.

«Даму» Қорының өз бағдарламаларын жүзеге асыру аясында «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 1-ші жарты жылдықта мүмкіндігі шектеулі 6 кәсіпкерге демеушілік қолдау көрсетілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу