Моноқалаларда шағын және орта бизнес ішінде жергілікті өнім берушілер желісі құрылады - ҚР Өңірлік даму министрлігі
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында ірі компаниялар төңірегінде шағын және орта бизнесті дамытудың серіктестік бағдарламасы жасалды, оның мақсаты ірі компаниялар төңірегінде жергілікті тауар мен қызмет берушілердің желілерін дамыту болып табылады, деп хабарлады бүгін ӨДМ Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева кәсіпкерлікті дамытуға арналған баспасөз мәслихатында.
«Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында ірі компаниялар төңірегінде шағын және орта бизнесті дамытудың серіктестік бағдарламасы жасалды, оның мақсаты ірі компаниялар төңірегінде жергілікті тауар мен қызмет берушілердің желілерін ірі компаниялардың, мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың күшін біріктіру арқылы дамыту болып табылады», - деді Ғ.Жолдыбаева.
Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта аталған бағдарлама шеңберінде «Атамекен» ҚҰЭП-мен, әкімдіктермен және ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс жүзеге асырылып жатқанын атап кетті.
Бүгінгі таңда жергілікті өнім берушілерден тұратын аталған желі пилоттық режимде Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында әрі қарайғы республикада таралумен құрылатын болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз