05 Мамыр 2017, 09:03
Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын ағымдағы жылдың І тоқсанындағы іске асыру қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында хабарлады.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Үкіметке транзиттік әлеуетті барынша пайдалануды, көлік дәліздерін құру мен жаңғыртуды тапсырғаны мәлім.
Ж. Қасымбектің мәліметінше, жүк айналымы 5,4%-ға артып, 125 млрд тонна-километрді (ткм) құрады. Жүк тасымалы көлемі 1,1%-ға артып, 813 млн тоннаны құрады.
Министр сондай-ақ транзиттік контейнерлік тасымалдар саласындағы көрсеткіштер туралы мәлімдеді.
«Бүгінде біз Қазақстанның транзиттік әлеуетін барынша пайдалану үшін көп күш-жігер жұмсаймыз. Ағымдағы жылдың І тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі бірден 3 есеге артып, 63 322 ЖФЭ құрады», - деп атап өтті ол.
Ж. Қасымбек ҚХР-ЕО-ҚХР бағытында контейнерлік тасымалдар көлемі 1,6 есеге артып, 31 000 ЖФЭ (жиырмафуттық эквивалент – жүк көлік құралдарының сыйымдылығының шартты өлшем бірлігі) құрады.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтқан спикер 2017-2019 жылдары автожол саласында 1,7 трлн теңге сомаға ұзындығы 4,4 мың шақырым болатын 23 жобаны жүзеге асыру қарастырылғанын жеткізді.
«Біз ауыспалы 7 жобаны жүзеге асыруды жалғастырудамыз. Жылдың қорытындысы бойынша 602 шақырым жолда жұмысты аяқтауды жоспарлаудамыз: «Астана-Қарағанды», «Орталық-Шығыс», «Бейнеу-Ақтау», «Орталық-Батыс», «Қапшағай-Талдықорған», «Петропавл-РФ шекарасы» және «Орал-Каменка»», - деп түйіндеді автожолдарды жөндеу және оларды салу жұмыстарына 100 мыңнан астам адам қатысатынын атап өткен министр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу