26 Сәуір 2023, 18:57
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасын әзірлеу барысы туралы кеңес өткізді.
Жол картасының жобасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралардан тұрады. Құжат партияның сайлауалды бағдарламасында қойылған барлық 10 міндетті қамтиды.
Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға жол картасы жобасының әр тармағын егжей-тегжейлі пысықтауды, қаржыландыру мәселелерін анықтап, нақты нысаналы индикаторлар мен жауапты тұлғаларды бекітуді тапсырды.
#Ерұлан Жамаубаев #Жол карталарыҚазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу