02 Қазан 2012, 18:00
Бағдарламаны іске асыру төрт бағыт бойынша жүргізіледі: қаржылық сауықтыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің АӨК субъектілері үшін қолжетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйелерін дамыту, сондай-ақ АӨК-тің мемлекеттік қадағалау жүйелерінің тиімділігін арттыру.
Бағдарлама аясында мемлекетке несиелік жүктемені жеңілдетіп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің банкроттығын болдырмауға мүмкіндік беретін тетіктер жасалды. Атап айтқанда, қаржылық сауықтыру ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қарыздарын өтеу үшін қаржыландыру арқылы жасалады.
А.Мамытбековтың айтуынша, «бағдарлама АӨК субъектілерінің инвестициялық субсидиялар, сақтандыру және АӨК субъектілерінің қаржылық институттар алдындағы қарыздарын кепілдендіру, екінші деңгейлі банктерді қорландыру сияқты қолдау түрлерін алғаш рет қарастырып отыр».
Сондай-ақ өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және оны қамтамасыз ету салаларын қаражаттандыру бойынша жұмыс жалғасады.
Кеңес қорытындылары бойынша Серік Ахметов өкілетті органдарға бағдарлама жобасын пысықтау жөнінде ұсыныстарын енгізуді тапсырды.
«Қаржы, экономикалық дамыту және сауда, ауыл шаруашылығы министрлеріне, «ҚазАгроға» бұл жұмысқа белсене араласып, бағдарламаның ветеринарлық бақылауды күшейту және өңдеу секторын дамыту бөлігі бойынша қаржылық қамтамасыз етуді шешу жөнінде нақты ұсыныстарын енгізуді тапсырамын», - деді С.Ахметов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу