ҚР Үкіметі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс жоспарын қарастыруда

Астанада министрлер кабинетінің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқаратын жұмыс жоспары қарастырылып жатқан Үкімет отырысы өтуде.

ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 9 маңызды бағыт бойынша 148-ден астам шара жоспарланғанын атап өтті. Оның ішінде: ЖІӨ-нің жоспарланған өсу қарқынына қол жеткізу, жеке секторды дамытуға қолайлы жағдайлар жасау, жеке инвестицияларды тарту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және халық кірісін арттыру, адам капиталының сапасын арттырудағы реформаларды нығайту және т.б.

«Бюджетті теңгерімділікпен қамтамасыз етуді арттыру мақсатында ақпан айында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен 2017 жылдың республикалық бюджет параметрлері қайта қаралатын болады», - деді Т. Сүлейменов.

Сондай-ақ, ол бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлік әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларына үнемі үздіксіз баға мониторингін жүргізетінін айтты. Бұдан өзге, шекті сауданың үстеме бағасының тетіктерін енгізу мен әлеуметтік маңызға ие тауарларды өткізуде сауда қызметі субъектілерінің сауда сыйақысының көлемін шектеу жөнінде заң жобасы әзірленеді.

Өңдеуші өнеркәсіпті тиімді дамыту мен қазақстандық өнім экспортын алға жылжыту үшін институционалдық негізді құру мақсатында Қазақстанның ұлттық экспорттық стратегия тұжырымдамасы әзірленетін болады.

Сонымен қатар, жеке секторды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін 1 жартыжылдықтың соңына дейін үздік стандарттар мен дамыған елдердің тәжірибелерін енгізу арқылы бизнесті қайта реттеудің жүйелік шаралары әзірленетін болады. Наурызда барлық бақылау-қадағалау қызметтерінің ауқымды тексеріс жұмыстары аяқталып, оларды қысқарту мен тексеруші органдардың санын қысқарту бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізіледі.

Бұдан өзге, МЖӘ-ні өңірлік деңгейде жандандыру үшін МЖӘ-нің сараптамадан келісімге қол қоюға дейінгі мерзімін 4-6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін шаралар қабылданатын болады. Бұл стандартты рәсімдерге қарағанда 2,5 есеге аз. Министрдің айтуынша, инвесторларды тарту мақсатында, маусым айында барлық республикалық және жергілікті МЖӘ жобаларының Бірыңғай ақпараттық базасы құрылатын болады. Нәтижесінде, бір жыл ішінде МЖӘ бойынша конкурсқа 54 жоба шығарылады.  

Министр қалаларда несиелендіру/шағын несиелендіру ережелері, қалалардағы шағын несие беру ұйымдары мен ЕДБ беретін шағын несиелер бойынша кепілдендіру және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ережелері бекітілгенін айтып өтті. Наурызда жұмыссыздар мен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатысатын әлеуметтік кәсіпкерлерді оқыту бағдарламасы іске қосылады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу