ҚР Үкіметінде Алматыда болатын Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиаданы дайындау бойынша отырыс өтті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен 2017 жылы Алматыда болатын Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиаданы дайындау мен өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қысқы Универсиаданың дайындалған логотипі, бойтұмары, жарнамалық ұрандарын таныстыра отырып, спорттық нысандар құрылыстарының барысы туралы хабарлады. 

Универсиада бағдарламасына енгізілген қысқы спорт түрлері бойынша жасөспірім спортшыларды дайындаудың кешенді жоспары туралы ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары М.Орынханов баяндады.

Ұйымдастыру комитеті отырысының қортындысы бойынша Үкімет басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу