Жамбыл облысында 2013 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 38,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді
Жамбыл облысында 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында кәсіпкерліктер 38,5 млрд теңгенің өнімін өндірді, деп хабарлайды өңір әкімдігінде.
«Жамбыл облысында бүгінгі таңда 29 индустриялды нысан қолданысқа берілді. Солардың ішінде 19-ы жоспарлы қуаттың 60%-ына жұмыс істеп тұр, мұнда 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Облыста 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында кәсіпкерліктер 38,5 млрд теңгенің өнімін өндірді», - делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше. жалпы Индустрияландыру картасына облыс бойынша 553 млрд теңгенің 40 жобасы енген болатын.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз