ҚР-да 2017 жылға қарай ішкі әуе рейстерінің саны 50%-ға артады - А. Жұмағалиев
Қазақстанда 2017 жылға қарай ішкі әуе рейстері жартылай артады, деп хабарлады Үкімет отырысында көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.
«Ішкі рейстер саны 2017 жылға қарай 50%-ға артады», - деді А. Жұмағалиев.
Оның мәліметінше, 2017 жылға қарай халықаралық маршруттар саны 1,5 есеге артады, қазақстандық әуе компанияларының Еуроодаққа ұшуына шектеулер алып тасталынады, жолаушылар ағымы 2020 жылға қарай 70%-ға артады.
Сондай-ақ, ол 2018 жылға қарай барлық облыс орталықтарының ұшу-қону жолақтарын 100% жөндеу аяқталатынын, ал транзиттік рейстер саны екі есеге артатынын айтты.
Бұдан өзге, министр 2020 жылға қарай азаматтық авиация саласында кадрлық құрам халықаралық стандарт бойынша дайындалатынын толықтырды. Нақты айтқанда, 2014 жылы халықаралық стандарттар бойынша «Қазмұнайгаз» РМК базасында салалық оқу орталығын құру жоспарланған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз