ҚР-да 2014-2017 жылдары экономиканың нақты өсімі 6-7%-ды құрайды - Е. Досаев
Қазақстанда 2014-2017 жылдары экономиканың нақты өсімі 6-7% құрайды, деп хабарлады бүгін ҚР Үкіметі отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.
«Орта мерзімді кезеңге арналған болжам туралы айтылатын болса, онда 2014-2017 жылдары теңге бағамын түзетуді ескере отырып экономиканың нақты өсуі жылына 6-7% мөлшерінде болжанады», - деді Е. Досаев.
Оның айтуынша, экономиканың өсуі ішкі сұраныстың өсуі, жоғары инвестициялық белсенділік және агроөнеркәсіп кешеніндегі, машина жасау мен құрылыс индустриясындағы өсудің жоғары қарқыны есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, министр әлемдік экономиканың бәсең өсуіне қарамастан, өткен жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 6% құрады, бұл Іс-шаралар жоспарындағы жоспарланған деңгейге сәйкес келетінін атап өтті. Осылайша, жан басына шаққандағы ЖІӨ 13 мың АҚШ долларын құрады.
Жалпы ішкі өнімнің өсуінің негізгі факторы көрсетілетін қызметтер саласының ұлғаюы болды. 2013 жылы көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсуі 7,4%-ды құрады, экономиканың өсіміне үлес 3,9 пайыздық тармақты құрады, бұл ретте тауарлар өндірісінің үлесі 1,4 пайыздық тармақты құрады.
Сонымен қатар, өнеркәсіптегі өнімді шығарудың өсімі 2,3% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде неғұрлым жоғары қарқынды 14,6%-ға өсумен машина жасау саласы көрсетті, бұл барлық қайта өңдеу өнеркәсібі өсуінің 88%-ын қамтамасыз етті. Өткен жылғы астық шығымының мол болуы және 2012 жылдың төмен базасының аясында ауыл шаруашылығының өсуі 110,8%-ды құрады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз