2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысында қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов.
«Бұл мәселе үнемі көтерілуде, алайда бүгінге дейін бұл тұрғыда ешқандай іс-қимыл болмаған еді. Бірақ та, бүгінде қоқыс өңдейтін зауытты салуға ниет білдіріп отырған бизнесмен бар. Яғни, бұл бағытта «Эко-Север» компаниясы ұсыныс жасады. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжатнама әзірленуде», - деді Е.Сұлтанов.
Оның сөзіне қарағанда, зауыт жылына Петропавл қаласының 60 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдемек. Бұл өндіріс 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылады деп күтілуде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз