СҚО-да БЖК-2020 аясында жүзеге асыруға 773 жоба мақұлданды

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің 770-тен астам жобасы «Бизнестің жол картасы» аясында мақұлданды, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

«Бүгінде жұмыс істеп жүрген және ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау тетіктерін белсенді пайдалануда. Қол қойылған келісімдер саны бойынша облыс республиканың өңірлері арасында жақсы нәтижені көрсетіп отыр, яғни несиелер кепілдемесі тұрғысында үшінші орында. «Бизнестің жол картасын» жүзеге асыру кезеңінде облыста 42 млрд теңгеге 773 жоба мақұлданды», - деді ол.

Әкімнің сөзіне қарағанда, өңірде ашылып жатқан кәсіпорындар экономиканың басқа салалары үшін жақсы өндірістік сұранысты қалыптастыруда.

«Мұндай мысалдар бізде аз емес. Біз өзіміздің кәсіпкерлерді басқа салаларға мультипликативті нәтиже беретіндей өндірістерді құруға бағдарлап жатырмыз», - деді Е.Сұлтанов.

Айта кетейік, облыста 34 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде және бұл салада 110 мың адам еңбек етіп жатыр. Жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 25 пайызға жетті, аталған көрсеткіш бойынша СҚО республикада бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу