11 Мамыр 2017, 09:42
Үкімет үйіндегі баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асырудың 2017 жылдың 4 айындағы аралық қорытындылары туралы айтты.
Жаңғырту 3.0 аясында ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша міндеттер экономикалық жаңғыртудың олимпиадалық жолының алты басты басымдығы қатарына енгізілген.
«Бес жылдың ішінде туризм бойынша ІЖӨ өсімі шамамен 15% құрайды, туристік салада жұмыспен қамтылған халық саны шамамен 530 мың адамды құрайды деп күтілуде, туризмге инвестициялардың нақты өсімі 23% құрайды», – деп мәлімдеді министр.
Ведомство басшысының мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі жаңа Тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Құжатта туристік бизнес пен сервис инфрақұрылымын белсенді дамыту, Ұлттық кеңсе құру, еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасын, табиғи аймақтарын, спорттағы, мәдениеттегі жетістіктері мен мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру арқылы Қазақстанның туристік нарығын әлемде ілгерілету бойынша шаралар белгіленген.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу