Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы

Дүйсенбі, 05 Сәуір 2021, 19:53:39

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Министрдің айтуынша, EGov mobile-да «цифрлық құжаттар» бөлімінде коронавирус инвекциясынан вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін вакцинацияның электрондық паспорты қолжетімді болды. Онда вакцинацияның күні, вакцина жеткізілген мекеме және деректерді енгізген жауапты дәрігер туралы ақпарат көрсетіледі.

«Вакцинацияның қазақстандық электрондық паспортын қабылдау және халықаралық жүйелермен ынтымақтастық орнату маңызды. Сондықтан қазір Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. EgovMobile-де COVID-19 вакцинациясына алдын-ала онлайн-жазба жүзеге асырылды. Денсаулық сақтау министрлігінен "келісім" алған соң, бірнеше қалада пилоттық режимде іске қосамыз», — деді Б. Мусин. 

Сонымен қатар ол Ashyq қосымшасы туралы айтты, ол коронавирустың халық арасында таралу қаупін азайтып, кәсіпорындарға карантиндік шектеулер кезінде жұмыс істеуге көмектесетін қосымша. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жобаны кезең-кезеңімен кеңейту жұмысы күтіп тұр. 

«SaqBol деп аталатын тағы бір қосымшамыз бар. Ол коронавирус инфекциясының таралуын бақылау және инфекция ошағын уақытылы анықтау мақсатында жасалған. Бұл қалай жұмыс істейді? Дайын Apple және Google API қызметтері қолданылады, барлық деректер жеке сақталады. Неғұрлым көбірек жүктелсе, қосымшаның пайдасы соғұрлым көп болады», — деді Б. Мусин. 

Оның айтуынша, саны 250 адамнан кем 292 ауылдың мобильді кеңжолақты интернет сапасы жақсартылады. Қазіргі күні 510 ауылда интернеттің жылдамдығына қатысты мәселе бар. 

Қазір интернет сапасын бақылау үшін министрлік арнайы жабдық сатып алды. Бұрын олар бүкіл ел бойынша 6 болатын, қазір бұл құрылғылар саны 17 және олар әр облыс орталығында бар.

«Сапаны тексеру үшін өңірлерге шығамыз. Мәселен, Түркістан облысында іссапар барысында интернеті нашар екі ауыл анықталды. Осы жабдықпен өлшеулер жүргізілді, содан кейін айыппұл салынып, ақауларды жою үшін екі ай берілді. Егер ақаулар уақытында түзетілмесе, біз қатаң шаралар қабылдауға құқығымыз бар. Осылайша, жаппай барлық жерде, 17 өңірде айыппұл салуға болады», — деді Б. Мусин.

Салық жүктемесін 90%-ға төмендету есебінен байланыс операторларына интернет сапасын жақсарту бойынша міндеттемелер жүктелді.  

Байланыс сапасын тексеру үшін ресми өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы жіберу қажет. Әлеуметтік желілердегі жазбалар тексеру үшін негіз бола алмайды. 

 

Ғарыш саласындағы өзгерістер

Ғарыш саласы бағыттарының бірі байланыс спутниктері болып табылады.

«Бізде 2 байланыс спутнигі бар – KAZSAT-2 және KAZSAT-3. 2024 жылы KAZSAT-2 пайдаланудан шығады», — деді министр. 

Мұның алғышарттары жерүсті телеком-инфрақұрылымының дамуы (оптика, 4G), неғұрлым жылдамдығы жоғары және өзіндік құны төмен Starlink, OneWeb және т.б. геостационарлық емес спутниктердің сәтті ұшырылуы болды.

Ғарыш саласының екінші бағыты — жерді қашықтан зондтау туралы айтатын болсақ, ол қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр және бірнеше салада белгілі бір мәселелерді шешуге көмектеседі.

Мәселен, өткен жылы 1 млн га пайдаланылмаған жер, 217 заңсыз ағаш кесу, 4 млн га орманды даланың өртенуі, 9 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйінділері анықталды.

 

Цифрлық келісім қағидатын енгізу

Цифрлық келісім қағидатының арқасында азаматтар жеке басын растау кезінде жеке деректердің пайдаланылуын өздері бақылай алады.

ХҚКО немесе мемлекеттік органдарға жүгінген кезде жүйе арнайы кодты азаматтың телефонына жіберетін болады. Осы кодты айтқаннан кейін ғана мекеме қызметкері азаматтың жеке мәліметтерін ала алады.

«Біз ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар іс-шараларды жалғастырамыз. Біз WebTotem-мен бірге жұмыс істейміз, онда біз бүгінде 158 мың сайтты қорғаймыз. Ал BugBounty бастамасы аясында "ақ хакерлермен" ынтымақтастық жүргізілуде және барлық мемлекеттік ресурстардағы ақпараттық қауіпсіздіктің осал тұстары анықталуда», — деп толықтырды Б. Мусин.

Сондай-ақ, Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді банктердің мобильді қосымшаларына шығару тәжірибесі одан әрі де қолданылатын болады. Осындай қызметтердің бірі автомобильді қайта ресімдеу болып табылады. Бұл қызмет 41 мыңнан астам рет пайдаланылған. 

QR-кодтар арқылы мемлекеттік баж төлеу сервисі енгізілуде. Енді азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мемлекеттік баж салығын бірден ХҚКО операторларынан төлей алады.

1414 сервисі бойынша. Цифрлық даму министрі бұл қызметтің әлі де жетілдіруді талап ететіндігімен келісті және қазірдің өзінде ондай жұмыстар жүргізілуде.

«1414 нөміріне күніне 120 мыңға дейін қоңырау келіп түседі. Егер өткен жылдың басында келіп түскен қоңыраулар саны 30-40 мың болса, бүгінде ол 120 мыңға жетті. Оператордың жауабын күтудің орташа уақыты кейде 30 минутқа дейін барады. Мамыр айында біз бұл уақытты 30 секундқа дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қазір біз кадрлық резервті қалыптастырудамыз», — деді ҚР ЦДИАӨ басшысы.

Президенттік кадр резервінің тәжірибесі бойынша ХҚКО қызметкерлері қатарынан кадрлар резерві қалыптастырылады.

Тағы бір маңызды хабарлама цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі болды. Мәселен, осы аптадан бастап Қазақстанның ішінде ұшулар кезінде цифрлық құжаттарды пайдалануға болады. Пилоттық режимде бұл мүмкіндік Air Astana әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы – Нұр-Сұлтан рейсінде іске қосылды.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Б. Мусин министрліктің еліміздің барлық 17 өңірі бойынша айыппұл жазып, арнайы өлшеу іс-шараларын жүргізе алатынын нақтылады. Алайда, оларды жүргізу үшін негіз болуы керек.

«Мынаны өтінгім келеді, Facebook, Instagram арқылы көптеген өтініштер келіп түсетіні түсінікті, бірақ біз оларды тексеру үшін негіз ретінде пайдалана алмаймыз. Бұл Бас прокуратураның бизнесті қорғау аясындағы талабы. Біз азаматтардың жеке қолы қойылған немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініштерін немесе жүгінулерін ғана пайдалана аламыз. Сондықтан сіздерден сұраймын, егер сіз біздің келіп, айыппұл салып, барлық қажетті шараларды қабылдағанымызды қаласаңыз, біз үшін бұл өтініштердің барлығы министрліктің атына немесе тікелей телекоммуникация комитетіне ресми түрде ресімделуі өте маңызды», — деді Б. Мусин.

Оның айтуынша, биыл сапа стандарттары 4G үшін 5 Мбит/с және 3G үшін 1,5 Мбит/с ең төменгі шектері белгіленгенін көрсетіп отыр, яғни бұл байланыс операторлары үшін ең төменгі шек. 

«Егер шекті мәні бұдан төмен болса, онда біздің айыппұл салуға құқығымыз бар. Бұдан әрі СНжЕ-ге үлкен тұрғын үй кешендері болған кезде де тиісті өзгерістер, оптикалық байланыс арнасының болуы бойынша талаптар  енгізілді. Біз қазір салып жүрген айыппұлдар шамамен 200 мың теңгені құрайды. Біз қазір оларды 10 есе көтеру керек деп айтамыз. Қазір депутаттармен талқылау жүріп жатыр. Біз айыппұлдың ең төменгі шегін шамамен 2 млн теңгеге дейін көтереміз», — деді Б. Мусин. 

Министр сондай-ақ, Facebook-те тіркелген 3 млн қазақстандықтың жеке деректерінің жария етілуі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Қазақстанда Facebook-тің технологиялық проблемаларына қолжетімділік жоқ.

«Адам әлеуметтік желіге тіркелген кезде, ол жай ғана "OK" батырмаларын басады, бірақ іс жүзінде ол келісімге қол қояды, бұған шағымдана алмайды. Бұл келісімдерді ешкім оқымайды, сондықтан оның себептері тек Facebook-тің өзіне белгілі», — деді Б. Мусин.

Министр қазақстандықтарға жеке деректерін әлеуметтік желілерде жарияламауға кеңес берді. 

«Сізге қиындық тудыруы мүмкін ақпаратты жариялаудың қажеті жоқ. Олар жеке басын куәландыратын құжаттар, телефон нөмірлері, банк карталары және т.б. Мұның бәрін қолданбаған жөн», — деді ол. 

Б. Мусин Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін қорғау күшейтілетінін атап өтті.

«Ақпараттық қауіпсіздік бойынша Мемлекет басшысы дербес деректерді қорғауды күшейтуді тапсырды. Мұнда біз бірнеше нәрсені енгіземіз. Біріншісі — цифрлық келісім. Адам бүгін ХҚКО-ға келіп, ЖСН көрсетсе, ХҚКО операторы оның барлық деректерінің базасына кіре алады. Енді ХҚКО операторы адам кодты айтқанға дейін оның деректер базасына кіре алмайтындай қағидатты қолданатын боламыз. Ал код адамға SMS-хабарлама арқылы жіберіледі», — деді Б. Мусин.

Ол мұндай қағидат жаппай қолданылатынын атап өтті. Қазір ол үш ХҚКО-да тестіленуде.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.