Шетел инвесторларын тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев хабарлады. 

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» АҚ жекешелендіруі бойынша, 2017-2018 жылдардағы активтерді өткізу туралы мәліметтерді хабарлады және шетел инвесторларын тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

217 активтің 75 пайыз активі (162 актив) ұйым тәсілі бойынша Мемлекттік комиссиямен бекітілген. Барлық активтер ҚР Қаржы министрлігінің алаңында өткізіледі. 

Басқарма төрағасы Үкімет тапсырмасы бойынша шетел инвесторларымен жұмыстар жүргізіліп жатқанын, екінші тізімнен шамамен 8 активті шетел инвесторлары - «Трансмашхолдинг», «Электровоз – Alstom», «Тұлпар-Тальго», General Electric және т.б. сатып алатынын атап өтті. 

Күн панельдері бойынша жобалардың Испаниядан және Кореядан инвесторлары бар. Өз кезегінде стратегиялық инвесторларды іздестіру жұмыстары жалғасуда. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу