27 Наурыз 2017, 03:06
2017 жылғы 20-25 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мұнайгаз кешені, сыртқы сауда жəне салық саясатын жетілдіру мəселелері жөнінде бірнеше жұмыс кеңесін өткізді.
Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен өткен Наурыз мейрамын тойлау шараларына қатысты.
22 наурызда Астанаға мемлекеттік жұмыс сапарымен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келді. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Ш. Мирзиёевті əуежайдан ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев қарсы алды. Күтіп алу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин, сыртқы істер министрі Қ. Əбдірахманов, Астана қ. əкімі Ə. Исекешев жəне Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Е. Өтембаев қатысты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу