Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» № 36

2017 жылғы 29 мамыр мен 3 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Бұл аптада Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралады. Қазақстан Президентіне көрменің ашылу рәсімі қалай өтетіні көрсетілді.  

30 мамырда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісі және отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға қолдау көлемдерін арттыру, өрт қаупі кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, отырыс аясында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы мақұлданды.

Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубанимен кездесті. Сол күні ҚР Экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы барысында нарықты ырықтандыру, жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының кедергілерін азайту, инвестициялар тарту және МЖӘ-ні дамыту, сонымен қатар салықтардың жиналуын ұлғайту мәселелері бойынша ҚР денсаулық сақтау, қаржы министрліктерінің тәсілдері талқыланды

31 мамырда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның позициясын жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Сәрсенбі күні Бақытжан Сағынтаев отандық ІТ-компаниялардың өкілдерімен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылады.

Жұма күні, 2 маусымда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрыл Түркешпен кездесуі өтті.

Жұмыс аптасының соңында Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу