Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Д. Ақышев пен ҚР ұлттық экономика вице-министрі А. Жұмағұлов БАҚ өкілдерін қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
25 қыркүйекте Үкімет үйінде стандарттау бойынша заң жобаларын және жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша таныстыру өтті.
27 қыркүйекте Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өтті. Сол күні Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының Орынбасары Дмитрий Рогозинмен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Сенбі күні Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз