Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №56

2017 жылғы 16-21 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша 2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің заң жобасы мақұлданды.

Сейсенбі күні, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында а. ж. 9 айдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, 2017-2021 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған болжамы, сондай-ақ білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және жекешелендіруді жүргізу барысы қаралды. Бұдан өзге, ЖЖМ мен көмірге қатысты жағдайды тұрақтандыру мәселесі көтерілді.

18 қазанда Үкімет үйінде Қырғызстанның екіжақты өзара қарым-қатынас мәселелері жөніндегі жұмыс делегациясын қабылдау өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі мен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрінің кездесуінің Хаттамасына қол қойылды.  

Жұмыс аптасы аясында Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізді:

  • «Яндекс» компаниялар тобының негізін қалаушы және басшысы Аркадий Воложбен;
  • Вьетнам Ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганмен;
  • Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының бас директоры Моник Элуамен;
  • Draper Fisher Jurvetson (DFJ) венчурлік компаниясының тең құрылтайшысы Тимоти Дрейпермен.

19 қазанда Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Сол күні мұнай-газ саласы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, сондай-ақ «ЭЫДҰ Еуразия аптасын» өткізуге дайындық және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу мәселелері қаралды.

Бейсенбі күні Үкімет үйінде ішкі істер органдарының, адвокаттық іс қызметтерін жетілдіру бойынша, сондай-ақ АӨК реттеу, білім беру, мемлекеттік аудит және қаржы бақылауы бойынша заң жобасын таныстыру өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу