18 Желтоқсан 2017, 08:00
2017 жылғы 11–16 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.
Өткен аптадағы айтулы оқиға еліміздің Тәуелсіздік күнін мерекелеу болды. Елордада Н. Назарбаевтың қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті. Ақордада Президент Қазақстанның атақты саяси және қоғам қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. Тәуелсіздік сарайында айтулы күнге арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты іс-шараларға ҚР Премьер-Министрі қатысты.
Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының атынан сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер тобына, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жауапты қызметкерлері мен бизнес құрылымдардың өкілдеріне жоғары наградаларды табыстады.
11 желтоқсанда Премьер-Министр «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру, цифрландыру жобаларын іске асыру, сондай-ақ «Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде» ұсынылған жаңа технологияларды енгізу мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.
Сейсенбі күні, Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы барысында ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2017 жылғы 11 айдағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заң жобасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жай-күйі және өсімдік шаруашлығындағы сақтандыру тетігін жетілдіру мәселелері қаралды.
Сәрсенбі күні, 13 желтоқсанда Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.
14 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның және Экспорттық саясат жөніндегі кеңес отырыстары өтті.
Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Orascom TMT директорлар кеңесінің төрағасы Нагиб Савириспен кездесу өткізді.
Сенбі күні, 16 желтоқсанда Бақытжан Сағынтаев ҚР АШМ ұжымына Премьер-Министрдің жаңа орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевті таныстырды.
Сондай-ақ осы аптада ҚР Премьер-Министрі «Бәйтерек» ҰБХ ұжымына директорлар кеңесінің шешімімен сайланған жаңа басқарма төрағасы — Айдар Әріпхановты таныстырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу