Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №7

Аптаның айшықты оқиғалары (24–29 қазан 2016 жыл)

Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және ағымдағы жылдың 9 айындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуының қорытындысы талқыланды.  

Халықаралық ынтымақтастық аясында Б. Сағынтаев ҚР-дағы Франция елшісі Франсис Етьенмен, ҚР-дағы Польша елшісі Мачей Лангпен, сондай-ақ ЕҚДБ бірінші вице-президенті Фил Беннеттпен кездесулер өткізді.

ҚР Премьер-Министрі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру, «Нұрлы жер» бағдарламасы мәселелері бойынша кеңес және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Мәскеуге жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевпен кездесті.

Минскте Премьер-Министр ЕҮАК және ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырыстарына қатысты, сондай-ақ ТМД отырысы аясында Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенкомен кездесті.

Б. Сағынтаев ЭКСПО-2017 құрылыс алаңына барып, көрме нысандарының құрылыс барысын тексерді. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу