Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №4

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтті, онда «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.   

ҚР Премьер-Министрі Қазақстандағы визалық және миграциялық режимдерді одан әрі жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді және отандық автокөлік өнеркәсібі өкілдерімен кездесті.

Халықаралық ынтымақтастық аясында ЕҚДБ басқарушы директоры Т. Майермен, ЕАДБ басқарма төрағасы Д. Панкинмен, Гизела Стюарт бастаған Ұлыбританияның Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік тобының делегациясымен кездесулер өтті.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығы форумына қатысып, оның барысында РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары И. Шуваловпен, РФ Орынбор облысының губернаторы Ю. Бергпен, Татарстан Республикасының Президенті Р. Миннихановпен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барып, облыс активімен кездесуде өңірдің жаңа басшысы Жансейіт Түймебаевты таныстырды. Сол күні ҚР Премьер-Министрі жаңадан құрылған ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Бейбіт Атамқұловты таныстырды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Б. Сағынтаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысын өткізіп, оның барысында ҚР Үкіметі Қаулысы қабылданды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу