Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №5

Аптаның айшықты оқиғалары (10-15 қазан 2016 жыл)

Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысында отандық мұнай сервисін дамыту, жекешелендіру және мүлікті жария ету бойынша шаралар, астық жинау жұмыстарының қорытындысы мәселелері талқыланды.

Б. Сағынтаев «Атамекен» ҰКП жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес және Экономика және қаржы жөніндегі сараптау кеңесінің мүшелерімен кездесті, «Инновациялық технологиялар паркі» қорының Басқарушы комитетінің отырысын өткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Ереванда өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының жұмысына қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу