Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №6

Аптаның айшықты оқиғалары (17–21 қазан 2016 жыл)

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевпен кездесу барысында ел Премьер-Министрі ағымдағы жылдың 9 айындағы республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есеп берді.

Үкіметтің кезекті отырысында елді мекендерді сумен қамтудың тиімділігін арттыру шаралары талқыланды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Б. Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен және Мажарстанның ұлттық экономика министрі Михай Варгамен кездесулер өткізді.

Б. Сағынтаев «Атамекен» ҰКП сауда және өңдеу өнеркәсібі комитеттерінің сарапшыларымен кездесіп, ЭЫДҰ Өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысын және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу