ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып С.Сәрсенов тағайындалды

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып бұған дейін ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетін басқарған Сәкен Сәрсенов тағайындалды.

«ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 29 мамырдан қаулысымен Сәрсенов Сәкен Сейітжапарұлы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды», - деп хабарлайды Комитетте.

С.Сәрсенов ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетін 2014 жылдың тамызынан бастап басқарған болатын. 

Бұған дейін ол ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, байланыс және ақпарат вице-министрі қызметінде болды.

Бұдан өзге, ол «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қаржылық жүйелерді ақпараттандыру орталығы» РМК басқарушы лауазымдарды атқарған. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу