«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-дағы төтенше оқиға орнына Әсет Исекешев аттанды

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-дағы өндірістік апат орнына вице-премьер – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аттанды, бүгін ол сонда Штаб отырысын өткізеді.  

Сәрсенбі күні «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-дың ХУ-1 кокс химиялық өндірісіндегі темір бетонды түтін құбыры бұзылған. 
 
№ 5 кокс батареясының жылыту қабырғаларынан жанғыш өнімдерді жоюға арналған құбырдың бір бөлігі қираған. Құбырдың сыртқы диаметрі 11 метрді құрайды, ал биіктігі - 90 метр. 

Нәтижесінде диаметрі 2000 мм болатын тікелей кокс газының газ құбыры зақымдалып, кокс газы, көмір дайындайтын цех галереясы өртенген.

Апат салдарынан домна, аглодомендік және илек өндірісі шектелген.

ҚР ТЖМ мәліметіне қарағанда, сағат 17.45-те ӨСжАҚЖҚ, «Өрт сөндіруші» АҚФ күшімен жалын ауыздықталып, сағат 21.45-те толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу