Вице-премьер Асқар Жұмағалиев Минскіде цифрландыру мәселесі бойынша бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Минскіге барып қайтты.

Вице-премьер Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевскиймен және Беларусь Республикасының байланыс және ақпараттандыру министрі Сергей Попковпен кездесті. Тараптар екі елдің ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Одан әрі Қазақстан өкілдері Беларусьтің Жоғары технологиялар паркіне барды. Парк резиденттері түрлі салаларға арналған бағдарламалық қамсыздандырулар, цифрлық шешімдер әзірлеумен айналысады. 

Жоғары технологиялар паркінің тәжірибесі қазақстандық Астана IT-Hub үшін пайдалы болуы мүмкін. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге келді, ол Астана IT-Hub алаңында жалғасуы мүмкін.

Бұдан өзге, қазақстандық делегация қала инфрақұрылымына, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік және т. б. салаларға арналған цифрлық шешімдерді ұсынған беларус компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. Мұндай идеяларды қазақстандық компаниялар жүзеге асыруы мүмкін.



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу