Вице-премьер Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды

Бейсенбі, 22 қараша күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Үкімет басшысы ең алдымен Есіл ауданы Покровка ауылындағы «Есіл аграрлық-техникалық институты» КеАҚ барды. Оқу орнында  мал дәрігерлігі, дене тәрбиесі және спорт, есеп-қисап және аудит, агрономия және және басқа да салалар бойынша мамандар даярланады. Оқушылар құрамы облыстың барлық аудандарынан жиналған жастардан тұрады.

Одан әрі жұмыс тобы сүт және ет өндіретін «Достық» шаруа қожалығына келді. Қазірде шаруашылықта 230 ірі қара мал басы бар.

Қызылжар ауданында вице-премьер  «Зенченко және К» КС ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің  жұмысымен танысты. «Зенченко және К» көпсалалы ірі агроқұрылымы  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп-өңдеумен,  сүтті мал өсірумен шұғылданады, шаруашылықта 5000 астам ірі қара мал бар. Үстіміздегі жылы серіктестік аумағында өндірістік қуаты 750 кВт/сағ болатын  Германияда жасалған жел электр станциясы орнатылды.

Түстен кейін үкіметтік делегация Петропавл қаласындағы «Сұлтан ЭММК» АҚ макарон зауытын аралады.  Кәсіпорын 120 тонна макарон өндіріп, тәулігіне 360 тонна астық өңдейді. «Сұлтан» сауда белгісінің өнімдері Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға экспортқа шығарылады.

«Сүтөнімдері» ЖШС аралау барысында Қ.Көшербаев сүт өнімдерін өндіретін жаңа технологиялық қондырғылармен танысты. Швеция, Германия және Францияның  жаңа қондырғыларын пайдаланатын кәсіпорын ультрапастерленген сүт, сұйық сүт өнімдерін, йогурт, шырындар өндіреді.

Сондай-ақ, вице-премьер «ЗИКСТО» АҚ және  «ПТЗМ» АҚ өнеркәсіптік кәсіпорындарын, ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өткен тұрғын үйлерді аралап көрді.  Үстіміздегі жылы облыста 50 астам тұрғын үйді жөндеуге 812,5 млн. теңге бөлінген.

2-ЖЭО-да жұмыс тобы жылыту маусымының өту барысымен танысты. 2012-2013 жылыту маусымына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік сала нысандарын дайындау аяқталған, инженерлік коммуникацияға жоспарланған жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жұмыс сапарының қорытындысы облыс активімен өткен мәжілісте шығарылды. Мәжілісте өңірді дамытудың негізгі басымдықтары аталып, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көкейкесті мәселелер талқыланды.

Қ.Көшербаев облыста ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке жаңа технологияларды енгізудегі жинақталған тәжірибені атап өте келіп,  мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуына баға берді. Вице-премьер жалпы Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымының сәтті басталғанын, баға мен инфляцияның негізсіз көтерілуіне жол берілмейтінін, ауыл еңбекшілері үшін ауыр тиген құрғақшылықты еңсеріп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев алдыға қойған ұзақ мерзімді және стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға қабілетті екенін айтты.   

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу