Вице-премьер Қ.Көшербаев Жамбыл облысының өмірлік маңызды нысандарын қалпына келтіру бойынша бірқатар жиын өткізді

Жамбыл облысына сапары барысында төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі комиссияны басқарушы  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев Қаратау және Жаңатас қалаларында болды.

Қаратауда вице-премьер облыс әкімі Қ.Бозымбаевпен бірге «Игілік» МҚК-ң қалалық қазандығында болып, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Премьер-Министрдің орынбасары дауыл салдарынан бүлінген қала нысандырын аралап, Қаратау қаласының тұрғындарымен кездесті.

Қ.Көшербаев өмірлік маңызы бар нысандарды қалпына келтіруге қажетті материалдық және адам көмегін бөлу туралы шешім қабылданған жұмыс мәжілісін өткізді.

Жаңатас қаласында Қ.Көшербаев «Жаңатас су-жылу» кәсіпорнында болып, жылумен жабдықтау нысанының жағдайымен және қазандықты тез арада іске қосуға қажетті шаралартанысты. Қалалық әкімдікте вице-премьер Сарысу ауданының жылу, энергия және сумен жадықтауды қалпына келтіру мәселелері қарастырылған отырыс өткізді.

Қ.Көшербаев Жаңатас қаласының тұрғындарымен де кездесті. Онда ол қала тұрғындарын қабылданып жатқан шаралармен таныстырып, басқа да көптеген сұрақтарға жауап берді.

Сапар қорытындысында Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі Үкіметтік  комиссияның отырыс өтті. Онда орталық және жергілікті атқару органдарының, энергетикалық кәсіпорындардың, коммуналдың қызметтердің басшылары апаттан зардап шеккен елді мекендерде тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру жөнінде қабылданған шаралар туралы мәлімдеді.

Үкіметтік комиссияның ақпарына қарағанда, ТЖ жою жұмыстарына 5 коммуналдық кәсіпорын қатысуда, желілерге электр энергиясын беру үшін облыс аудандарынан 9 жасақ құрылған, Тараз қаласынан 11 жасақ жіберілген. Қырғызстаннан  Жамбыл облысына электр беру желілерін қалпына келтіруге арналған арнайы техникамен жарақтандырылған  екі жасақ жіберілді.

Жұмысшыларының жалпы саны 300 шақты болатын және 60 құрылыс техникасы бар  облыстың 26 құрылыс компаниясы жасақталып, дайындалды.

Облыстық ТЖ резервінен  Қаратау қаласына 14 тонна бензин мен  10 тонна  дизелдк отын босатылды. Облыстың резервтік қорынан Қаратау және  Жаңатас қалаларына 14 тонна  картоп, 6 тонна күріш, 2 тонна қант, 2 тонна өсімдік майы, 20 тонна ұн, 2 тонна пияз жіберілді.

Қаратау қаласындағы «Игілік» МҚК қазандығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2013 жылғы 14-қаңтарда сағат  04.00-де Талас ауданы мен Қаратау қалаларын 220 кВ  Л-221 және 110 кВ  Л-115 желілері бойынша электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.

Талас ауданының жылу және сумен жабдықтау нысандарына электр энергиясын беру қамтамасыз етілді, халықты жылумен және сумен жабдықтау кезең-кезеңімен іске асырылуда. Сондай-ақ Қаратау қаласын газбен жабдықтау да толық көлемде қалпына келтірілді.

14 қаңтар күні сағат 15.10-де Сарысу ауданын  220 кВт Л-208 желісі бойынша электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қазіргі кезде Жаңатас қаласының тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына электр энергиясын жеткізу және Сарысу ауданының тұрғындарына электр энергиясын беру біртіндеп іске асырылуда.

Бұдан басқа, Жамбыл және Жуалы аудандарында, Тараз қаласында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу