21 Наурыз 2019, 10:11
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бүгін, 21 наурызда, жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.
Жұмыс сапары аясында негізгі су тораптары мен су қоймаларын тексеру арқылы облыстың көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқыны кезеңіне дайындығын зерделеу көзделген.
Агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралау, өңірдің кәсіпкерлерімен және инвесторлармен кездесу өткізу жоспарланған.

«Қарапайым заттар экономикасы» мәселелері жөнінде кеңес өткізіледі, оның жұмысына мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, екінші деңгейлі банктердің, өңір ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері қатысады.
«Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың мақсаты — қазақстандықтар күнделікті қолданатын өнеркәсіптік тауарлар мен тұтынатын азық-түлік өнімдерін шығару, әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларының өсуіне жол бермеу және олардың импортын алмастыру.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу