ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мәселелері ҚР Үкіметі отырысында талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кезекті Үкімет отырысын өткізді. Мемлекет басшысының көші-қон заңнамасын жетілдіруге, сондай-ақ ЕАЭО аясында өнеркәсіптік кооперацияға қатысты тапсырмаларын орындау барысы қаралды. 

Өнеркәсіптік өзара іс-әрекет тақырыбы бойынша инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев «Қазақстан мен Кедендік одақ арасындағы тауар айналымы 2013 жылдың қортындысы бойынша 24,6 млрд. АҚШ долларын құрады, ал экспорттың жалпы көлемі – шамамен 6 млрд. АҚШ долларын құрағанын» мәлімдеді.

Министр экспорт құрылымының өзгеру факторына оң баға берді. «Егер бұрын шикізаттық тауарлар басым болса, соңғы жылдары экспорт құрылымының өзгергенін көрдік. Өңделген тауарлар көлемі бойынша шикізаттық тауарлардан асып түсті. Қамтамасыз ететін дайын өнімнің жалпы сомасы бір миллиард доллардан асты», - деп басып айтты Ә.Исекешев.

Сонымен бірге, ИДМ басшысы атап өткендей, «Ресей Федерациясының импортты алмастыру бағдарламасына қазақстандық кәсіпорындардың қатысуы бойынша жұмыс жүргізілуде».

«Біз талдау жүргізіп, қазақстандық өндірушілерде 30 тауар позициясы бойынша РФ-на жақсы сапалы өніммен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар екенін анықтадық. Алғашқы кезеңде 60-қа жуық қазақстандық кәсіпорынды іріктедік. Әлеуетті экспорттың жалпы құны 6,7 млрд. АҚШ долларын құрайды», - деп мәлімдеді Ә.Исекешев.

Аталған тақырыпты талқылау барысында индустриалды аймақтарды құру және олардың жұмыс жасау мәселелері, экспорттық қаржыландыруды қолдау механизмдері, шетелде қазақстандық сауда өкілдіктерін ашу қаралды. Үкімет мүшелері сондай-ақ автомобиль өнеркәсібін қолдау шарларын талқылады.

Премьер-Министр отырыс қортындысы бойынша сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу