Химия саласын дамыту мәселелері ертең Үкімет отырысында қаралады

Ертең, 4 маусымда Үкімет отырысында химия саласын дамыту мәселелері қаралады, деп хабарлады баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

«Қазақстан Үкіметіне қатысты бірқатар маңызды іс-шара өткізу жоспарланған. Нақты айтқанда Қазақстан Үкіметінің дәстүрлі отырысы. Ертең, 4 маусымда химия саласын дамытуға назар аудара отырып, елдегі индустриялды-инновациялық дамытудың мәселелері талқыланады», - деді А.Әбибуллаев.

ОКҚ өкілі мәлімдегендей, аталған мәселе бойынша вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасайды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу