ҚР Үкіметі отырысында АӨК субсидиялау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады.

«Қазақстанда гектарға субсидиялар 2000-жылдардың басында пайда болды. Ол уақытта олар логикалық негізге ие болатын, себебі ол кезде сала айналым қаражатының жетіспеушілігіне байланысты үлкен қиындықтарға тап болған еді. Осы субсидиялар есебінен шаруалар ең қажетті жұмыстарды жүзеге асырды», - деді А.Мамытбеков.

Ол бүгінде АӨК-нің экономикалық тартымды сала айналғанын айтып өтті. Аграрлық сектордағы негізгі капиталға инвестициялар өсімінің қарқыны экономиканың басқа салаларынан басым түсті.

Оған қоса, ауыл шаруашылығында технологиялылықтың төмендігіне, саланы механизмдеу деңгейінің әлсіздігіне, нәтижесінде төмен өнімділік пен түсімділікке байланысты бірқатар мәселелер бар. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешен жеткілікті рентабельділік пен табыстылық мәселелерін шеше алмайды, деп есептейді АШМ басшысы.

А.Мамытбековтың пікірінше, арзан техника лизингінің болмауынан фермерлер гектарлық субсидиялар арқылы тапқандарына қарағанда көп шығынға ұшырайды. Мысалға, бидай жинауды кешіктірудің әр 10 күні астықтың 10% шығынына алып келеді.

«Сондықтан, өсімдік шаруашылығындағы гектарлық субсидияларды 2016 жылдан бастап қысқартып, оларды техника алуға пайыздық мөлшерлеме мен лизингті субсидиялауға, инвестициялық субсидияларға бағыттау ұсынылады. Біз шығындардың 30% жуығын қаржыландыра аламыз», - деп баса айтты министр.

Сондай-ақ, босатылған қаражатты білімдерді тарату жүйесін, фитосанитарлық қызметті күшейтуге және АӨК қолдаудың жалпы шараларына жататын бірқатар басқа да шығындарды қаржыландыруға бағыттау ұсынылған.

Сонымен қатар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдар алуға субсидияларды тиімді деп сақтау ұсынылған. Мал шаруашылығындағы өнімділікті қолдауға субсидияларды мәселені 2016 жылы талқылаумен тек 2017 жылы қайта қарау ұсынылуда.

Жалпы алғанда қайта бөлу сомасы шамамен 100 млрд. теңгені құрайды. Ұсынылған шаралар облыс әкімдерінің, бизнес, Атамекен ҰКП өкілдерінің қатысуымен талқыланып, келісілді, деп сендірді А.Мамытбеков.

Бұдан өзге, министр ү.ж. астық жинау барысы туралы мәлімдеді. Осылайша, 5 қазанға мәлімет бойынша 13,2 млн. га немесе жиналуы тиіс астық дақылдары алаңының 89,6% жиналды. 12,5 ц/га орташа түсімділікпен 16,6 млн. тонна астық бастырылды, бұл өткен жылдың деңгейінен 0,7 ц жоғары.

«Күріштің рекордтық түсімі Қызылорда облысында алынды. Бір гектардан 50,5 ц жиналды. Күріштің жалпы түсімі 423 мың тоннаны құрады», - деп атап өтті А.Мамытбеков.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Министрдің мәліметінше, ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражатынан бағдарламаға 796 млрд. теңге қарастырылған.

Оған қоса, ү.ж. тамызында 2015 жылы «Нұрлы Жол» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты экономика өсіміне көп пайда әкелетін бағыттарға қайта бөлу шешімі қабылданды. Бұл «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс» басты автожолдар жобаларын жүзеге асыру, экспортты, отандық автоөнеркәсіпті және ШОБ-ті қолдауды күшейту.

«2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті қажетті нақтылауды өткізген соң қайта бөлуді ескере отырып, 2015 жылы Ұлттық қор есебінен Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру 777,3 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда бөлінген қаражаттан шамамен 436,4 млрд. теңге немесе 54,8% игерілген», - деп хабарлады Ұлттық экономика басшысы.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және бөлінген қаражатты өз бағыттары бойынша пайдалану барысы туралы толығырақ ИДМ, ЭМ, АШМ, БҒМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылары баяндады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу