Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері ертең Үкімет отырысында қаралады

Ертең, 28 мамырда Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері қаралады, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

«Ертең дәстүрлі Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметовтің басшылығымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланады», - деп хабарлады А.Әбибуллаев.

ОКҚ өкілі мәлімдегендей, аталған мәселе бойынша отырыста еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов баяндама жасайды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу