Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары бағдарламалар әкімшілері мен әкімдердің ерекше бақылауында болуы тиіс - К.Мәсімов

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысының қорытындысын шығару кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық тапсырмаларын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Экономика оң аймаққа шықты. Енді осы жетістікті нығайту аса маңызды. Президенттің тапсырмасы бойынша қабылданған барлық бағдарламалар, барлық шешімдер әр бағдарлама әкімшісінің, әр әкімнің ерекше бақылауында болуы тиіс. Экономикада сезіле бастағанымен, адамдар әлі сезінбеуде. Экономикалық көрсеткіштердің адамдарға жеткені аса маңызды. Бұл жұмыс орындарына, жалақыға және өзге де мәселелерге қатысты», - деді Премьер-Министр.

К.Мәсімов өңірлерге жұмыс сапарларын жалғастыратынын атап өтті, онда жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін ерекше көңіл бөлінбек.

Сондай-ақ, Премьер-Министр мемлекет пен билік өз азаматтарын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс екенін еске салды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу