ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаровтың Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3,8%-ға, тамақ өнімдерін өндіру  1,3%-ға, сусындар - 15,8%-ға ұлғайды. 

Ауыл шаруашылығының өсуі негізінен мал шаруашылығындағы жалпы шығарылымның 3,7%-ға, оның ішінде еттің 5%-ға, сүттің 3,2%-ға  ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Өнімнің бұлай өсуінің негізгі факторларының бірі «Қазагро» холдингі арқылы кредит берудің арнайы бағдарламаларының табысты іске асырылуы болды.

Бұл бағдарламалар бойынша ағымдағы жылдың 6 айында 771 шаруашылыққа 61,7 мың бас ірі қара мал сатып алуға кредит берілді,  бұл бүкіл жылдық жоспардың 62%-ын құрайды, 848 шаруашылыққа 291,6 мың бас ұсақ малдың аналық басын сатып алуға кредит берілді,  бұл жылдық жоспардың 77%-ы, сондай-ақ жыл басынан бері жалпы 2000 басқа арналған 3 сүт тауарлық кешен пайдалануға енгізілді.

Өсімдік шаруашылығында 2019 жылдың егіс жұмыстарының уақытында жүргізілуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданды. Нәтижесінде көктемгі егіс алаңы 19,2 млн гектарды құрады.

Сіздің жоғары рентабельді дақылдарға көшу жөніндегі тапсырмаңыз аясында сұранысқа ие дақылдардың алаңдары кеңейтілуде. По итогам 6 месяцев объем валовой продукции растениеводства увеличился на 6,7%. 

Есепті кезеңде 191,3 млрд. теңге инвестициялар тартылды, бұл осыған ұқсас кезеңнің деңгейінен 62,7%-ға артық. 

Өткізу нарығын кеңейту бойынша қабылданған шаралар агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортының көлемін ағымдағы жылдың 17%-ға көбейтуге мүмкіндік берді. Өсім мал шаруашылығы өнімінің экспортын 2,4 есеге және өсімдік шаруашылығы өнімінің экспортын 22,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

Сіздің Сайлауалды бағдарлама шеңберінде агроөнеркәсіптік кешеннің алдына қойған тапсырмаларыңызды іске асыру басталды.

Мәселен, жер учаскелерін беруде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық кедергілерін жоя отырып, оларды онлайн режимінде  электронды түрде беруге біртіңдеп көшу жүзеге асырылуда. 

Бұдан басқа, 2020 жылдан бастап жерлердің тиімді және ұтымды пайдаланылуына бақылауды ғарыштық мониторинг арқылы күшейту көзделеді. Бүгінгі күні 100% егістіктер және 72,9% жайылымдар цифрландырылды.

Осыған байланысты Министрлік Қазақстан Ғарыш Сапарымен бірлесіп, пайдаланылмайтын жерлердің онлайн-мониторингіне арналған геосервис құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Тауар өндірушілер үшін маңызды мәселелердің бірі қаржыландыруға қолжетімділік болып отыр.  Оны шешу үшін өсімдік шаруашылығында сақтандыру жүйесін ерікті негізге өзгерту және де алғаш рет мал шаруашылығында бұрын болмаған сақтандыру құралын енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ,  жаңа құрал – аграрлық қолхаттар енгізілетін болады, олар алдағы егін есебінен ақшалай және тауарлық қарыз тартуға мүмкіндік береді. Тиісті заң жобасы Парламент қарауында жатыр.

Бұл шаралар кепілдік қамтамасыз ету жетіспеушілігі проблемасын шешуге және аграрлық секторды кредиттеуде тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні субсидиялаудың 5 бағыты толығымен автоматтандырылды.

Ауыл шаруашылығы өндірісін заманауи технологияларға көшіруді ынталандыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру шеңберінде «цифрлық фермалар»  жобасын бүкіл республика бойынша ауқымды ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 100% автоматтандыруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2022 жылға дейін 141 цифрлық ферма, оның ішінде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды ескере  отырып, нақты егіншілік бойынша 98 цифрлық ферма құрылатын болады. Бүгінгі күні республика аумағында цифрлық деңгейде 27 ферма жұмыс істеп жатыр, оның 12-сі нақты егіншілік бойынша фермалар.

Еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа өңдеу қуаттарын енгізудің зор мәні бар. Бұл саладағы жағдайды біз өздерінің экспорттық нарықтары бар, капитал ғана емес, жаңа өндіріс және өңдеу технологияларына, сондай-ақ біздің өнімді танымал болған әлемдік брендтердің белгісімен экспорттау мүмкіндігіне инвестиция салатын трансұлттық компаниялар мен ірі өңдеушілерді тарту есебінен түбегейлі өзгерте аламыз.

Елбасының тапсырмасына сәйкес ірі америкалық компаниямен қуаттылығы ауысымына 2 мың басқа дейін бордақылау алаңын және ет өңдеу комбинатын салу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатырмыз.

Бұдан басқа, суармалы жерлер алаңын кеңейту мақсатында Валмонт Индастри компаниясымен суландыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану, азық өндіру  саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Қазіргі заманғы ирригациялық құрылымдарды демонстрациялау алаңдарын Ақмола және Түркістан облыстарында құру жоспарлануда.

Өз кезегінде, Valmont Industries (АҚШ) және  Kusto Group (ҚР) арасында қол қойылған келісімнің мақсаты Қазақстанда инвестиция көлемі $50 млн, қуаты жылына кемінде 1000 жүйе заманауи ирригациялық құрылғыларды жасап шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру болып табылады.

Жалпы бүгінгі күні шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3 млрд құрайтын 30 ірі инвестициялық жоба әр түрлі сатыда іске асырылуда, олардың ішінде 14 жоба трансұлттық компаниялардың қатысуымен іске асырылуда, оның жалпы оның жалпы сомасы $1 млрд-ты құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында жаңа нарықтарды ашу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Қытай 14 тауар тобы бойынша, Парсы шығанағы елдері мал шаруашылығы өнімінің 6 түрі бойынша, Иран мал шаруашылығы өнімінің 4 түрі бойынша, ЕО балық және өсімдік шаруашылығының органикалық өнімі бойынша ашық. Осы нарықтарға тауар желісін кеңейту, сондай-ақ Түркия, Израиль, Жапония, Оңтүстік Шығыс Азия елдері сияқты жаңа нарықтар ашу жоспарда тұр.

Бұл экспорт өсімі және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту бойынша индикаторларды орындауға мүмкіндік береді.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Елбасының агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі мен өнім экспортын 2,5 есеге арттыру бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында өткен жылы саланы  дамытудың салалық және жүйелік шараларын көздейтін Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы өзектендірілді. Бағдарламада көзделген барлық бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Бүгін біздің алдамызда нақты міндеттер және индикативтер тұр, Министрлікте оларға қол жеткізу алгоритмдері әзірленді. Сіздің тапсырмаңыз бойынша қойылған міндеттерді ескере отырып, Агроөнеркәсіптік кешенді  дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы және басқа да стратегиялық құжаттар жөнге келтіріледі, сондай-ақ оларды орындау үшін барлық шаралар қабылданатын болады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу