ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаевтың Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Дүйсенбі, 15 Шілде 2019, 15:46:08

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаевтың Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Ұлттық Банктің қызметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және нақты экономиканы дамытуда қаржы секторының рөлін күшейту міндеттерін іске асыруға бағытталған.

Ақша-кредит саясатының басты мақсаты – инфляциялық таргеттеу режимінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2019 жылғы І жартыжылдықта инфляция жылдық көрсетуде 5,4% деңгейде қалыптасты және ағымдағы жылы 4-6% нысаналы дәлізде сақталды. Базалық ставка 9,25%-дан 9,00%-ға дейін азайды.

Ұлттық валюта бағамы сыртқы және ішкі факторлар әсерімен өзгерді және жыл басынан бері 0,2%-ға нығайды.

Елдің төлем балансы экспорттық өнімге тұрақты сұраныс аясында жақсаруда. 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шоты профицитпен қалыптасып, $0,4 млрд құрады. 

Алтынвалюта резервтері Ұлттық банктегі клиенттердің валюталық шотындағы қалдықтардың азаюы себебінен жыл басынан бері $28,2 млрд-қа дейін төмендеді. Алтынвалюта резервтерінің деңгейі тауарлар мен қызметтер импортының 7 айынан асады. Ұлттық қордың активтері $58,2 млрд болды, ал жалпы халықаралық резервтер $86,4 млрд құрады.

Ұлттық Банк экономиканы қолжетімді кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету бойынша Сіздің тапсырмаларыңызды іске асыруда.

1-тоқсанда кредит портфелі банктердің жұмыс істемейтін қарыздарды 624 млрд теңге сомаға 12,5 трлн теңгеге дейін есептен шығаруы нәтижесінде төмендеген соң, сәуір-мамырда кредиттік белсенділік қалпына келді.

Банк секторының жалпы кредит портфелі сәуір-мамырда 2,2%-ға ұлғайып, 12,8 трлн теңгеге дейін өсті. Қаңтар-мамыр аралығында банктер өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 14,2%-ға көп жаңа кредит берді.

Ақша-кредит талаптары жұмсаруда. Бизнес үшін теңгемен кредиттер бойынша ставка 2018 жылғы мамырдағы 12,5%-дан 11,9%-ға дейін төмендеді.

Қорландыру базасын жақсарту үшін халықтың депозиттері бойынша ең жоғары ставка мерзімді және жинақ салымдарға қатысты 12,5%-ға және 13,5%-ға дейін өсті.

Шетел валютасындағы салымдар теңгедегі салымдармен алмасуда. Депозиттердің долларлану деңгейі жыл басындағы 48,4%-дан мамырда 39,1%-ға дейін төмендеді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес Ұлттық Банк Экономиканың басым салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске асыруда. Оның шеңберінде банктерге 600 млрд теңге сомаға ұзақ мерзімді қорландыру ұсынылады.

Бүгінгі таңда банктер құны 146,2 млрд теңге болатын 187 жоба бойынша өтінімді қарауда. Оның ішінде құны 34 млрд теңге болатын 77 жоба мақұлданды. 

Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын ендіру маңызды бағыт болып табылады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 7936 отбасы 92 млрд теңге сомаға қарыз алды. Бағдарлама банктердің ипотекалық портфелінің бір жылда 24,8%-ға 1,4 трлн теңгеге дейін өсуіне ықпал етті.

Сіздің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығыңызды іске асыру үшін Ұлттық Банк кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару механизмін бекітті. 

Ағымдағы жылғы 30 шілдеге дейін банктер мен микроқаржы ұйымдары тұрақсыздық айыбы бойынша берешекті кешіреді.

Бұл ретте өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша 70%-ын қаржы мекемелерінің өздері өтейді, 30%-ы Ұлттық Банктің қаражаты есебінен өтеледі. Біз барлығы 17,5 млрд теңге бөлдік.

Бұдан басқа, шілдеде Сіз қаржы нарығын реттеу мен дамыту функцияларын Ұлттық Банктен шығарып, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке мемлекеттік органға беру туралы Заңға қол қойдыңыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ұлттық Банк барлық қажетті нормативтік-құқықтық базаны қабылдау жұмысын аяқтайды.

Сонымен бірге Заң тұтынушылық кредиттеудің барлық субъектілерін, оның ішінде онлайн-компаниялар, ломбардтар және халыққа несие беретін басқа да заңды тұлғаларды толық реттеуді қамтиды. 

Субъектілер 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде уәкілетті органда алғаш рет есептік тіркеуден өтуге міндетті.

Тиісінше, барлық кредит беру субъектілері уәкілетті органның бақылауында және қадағалауында болады. Субъектілер қарыздар бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелері, борыштық жүктеме, клиенттермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бойынша шектеулер және басқалары сияқты қарыз алушыларды қорғаудың барлық талаптарын сақтауға міндетті болады.

Бұл бізге азаматтардың борыштық жүктемесі туралы толық ақпарат алуға, нарықтың ашықтығын арттыруға және жүйелік тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіздің сайлау алды платформаңызды және алға қойылған 10 басым міндетті іске асыру Ұлттық Банктің басым міндеті болып табылады.

Наурызда Ұлттық Банк Үкіметпен макроэкономикалық саясаттың 2019 жылға арналған шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойды. Макроэкономикалық тұрақтылық халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономиканың өсуі және шетелдік инвестицияларды тарту үшін маңызды.

Сонымен бірге, Ұлттық Банктің бағалауынша, сыртқы және ішкі даму факторларының балансы өзгерді. Олар орта мерзімді перспективада макроэкономикалық жағдайларды айқындайды. Әлемдік экономиканың және Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің болжамы төмендеді. Бұл біздің экспортқа сыртқы сұраныстың төмендеуіне әсер етеді. Нарықтар АҚШ пен Қытай арасындағы аяқталмаған сауда келіссөздерін тежеп отыр. Мұнайдың орташа жылдық бағасы бір баррель үшін  $66-ға дейін түсті және бағаның төмендеу үрдісі сақталды.

Сыртқы монетарлық жағдайлар жеңілдеуде. Оны АҚШ Федералдық резерв жүйесінің ставкалардың алдағы төмендеуі туралы мәлімдемесі, Еуропа орталық банкінің экономиканы ынталандыру шаралары және Ресей Орталық Банкінің негізгі ставканы 7,75%-дан 7,50%-ға дейін төмендетуі растап отыр.

Осыған орай экономиканың сыртқы күйзеліске әлсіздігін төмендету үшін Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп ақша-кредит және фискалдық саясатты үйлестіруді арттырудың 2019 жылғы екінші жартыжылдықтағы және 2020 жылғы тәсілдерін айқындады.

Ақша-кредит саясаты саласында инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізде сақтау үшін шаралар қабылданады. Басты міндет едәуір артқан бюджеттік әлеуметтік шығыстардың инфляцияға әсерін тежеу, сонымен бірге азық-түлік нарығындағы бағаларды бақылау болып табылады.

Екінші жартыжылдықта инфляциялық қысым күшейсе, базалық ставканы көтеру арқылы ақша-кредит саясаты қатаңдатылуы мүмкін.

Шығарылатын ноттарды 1-3 айдан 6-12 айға дейін ұзарту есебінен ақша нарығында артық өтімділікті алу қамтамасыз етіледі. Ноттар бойынша ставкалар да өседі. 16 шілдеден бастап банктер үшін ең төмен резервтік талаптар механизміне өзгерістер енгізіледі.

Үкіметпен бірлесіп кірістіліктің тәуекелсіз қисығын құру үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту шаралары қабылданады. Тамыздан бастап Қаржы министрлігі 2-5 жыл мерзіммен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығара бастайды. Бұл Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын дамушы елдердің халықаралық ауқымды индекстеріне қосуға және шетелдік капиталды тартуға мүмкіндік береді.

Валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың балансын жақсарту үшін Үкімет квазимемлекеттік сектор компанияларының айырбастау операцияларының келісілуін қамтамасыз етеді.

Шетел қатысушылары үшін теңгеде есеп айырысуды кеңейту үшін Қазақстан қор биржасында 2019 жылғы 1 шілдеден бастап өтпелі валюталық сессия енгізілді. Сонымен бірге валюталық заңнама шеңберінде шетел валютасын сатып алудың ірі операцияларын мониторингтеу және оны нысаналы пайдалану қамтамасыз етіледі.

Фискалдық саясат саласында Үкіметпен бірлесіп 2019-2020 жылдары фискалдық саясаттың контрциклдығын арттыру мәселесі қаралады. Ол жаңа бюджеттік қағидаларды енгізу және Ұлттық қор қаражатын пайдалану қағидаларын қатаңдату арқылы іске асады.

Банк жүйесінде банктер активтерінің сапасын кешенді тәуелсіз бағалау жүргізіледі. Тексеруге банк жүйесі активтерінің шамамен 87%-ын құрайтын 14 банк енгізілді. Ағымдағы жылғы шілденің соңына дейін халықаралық консультант - Oliver Wyman компаниясымен бірге Еуропа Орталық Банкінің әдіснамасын бейімдеу жұмысы аяқталады.

Оған қоса, қаңтардан бастап Ұлттық Банк тәуекелге бағдарланған қадағалауға көшті және төлем жасауға қабілетсіз банктерді реттеу шараларының толық тізбесін енгізді. 

Бұл жүйелі тәуекелдерді төмендетіп, сыртқы инвесторлардың Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімін арттырады.

Банк жүйесін қалыпқа келтіру және банктерде андеррайтинг сапасын арттыру экономиканы кредиттеудің одан әрі өсуіне ықпал етеді.

Үкіметпен бірлесіп нақты сектор кәсіпорындарын қалыпқа келтіру және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс істеуге қабілетсіз кәсіпорындарды қолдауды шектеу мәселесі пысықталады.

Мобильді төлемдердің жаңа жүйесін дамыту және клиенттерді қашықтықтан идентификациялау бойынша жұмыс жалғасады. Цифрлық қаржы қызметтерін дамыту үшін қағазсыз қызмет көрсетуге көшу жоспарлануда.

Сонымен бірге экономиканы қаржыландырудың альтернативті көздерін қалыптастыру үшін сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын және басқа да қаржы инструменттерін дамытуға бағытталған Үкіметпен бірлескен жұмыс жалғастырылады. Бұған ауқымды IPO-ны өткізу, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін жеке басқаруға беру, сақтандыру өнімдерін дамыту шаралары жағдай жасайды.

Аталған тәсілдерді іске асыру инфляцияны нысаналы дәлізде сақтау және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Жаңалықтар тізбегі
26 Тамыз 2019, 08:41
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Ақтөбе облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
24 Тамыз 2019, 10:50
Өнеркәсіптік кластер, индустрияландыру және АӨК: Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
23 Тамыз 2019, 18:37
Оралмандар үшін азаматтық алу мерзімі осы жылдың соңына дейін ұзартылды — Б. Сапарбаев
23 Тамыз 2019, 18:34
Ю. Пя: «Біз — денсаулық сақтау саласына жасанды зердені енгізген алғашқы елдердің біріміз
23 Тамыз 2019, 18:30
Сыбайлас жемқорлықпен күрес және ұлттық ЖОО ректорларын іріктеудің жаңа жүйесі — ҚР-да білім беру жүйесінің дамуы туралы
23 Тамыз 2019, 18:00
Жұмыс берушінің 5% мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары жұмысшылардың жалақысына әсер етпейді — Б. Сапарбаев
23 Тамыз 2019, 17:53
Азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы олардың еңбектенуіне байланысты — Б. Сапарбаев
23 Тамыз 2019, 17:44
Жала жапқан ақпаратты БАҚ-та жариялағаны үшін жазаны қатаңдату қажет — ҚР АҚДМ түсініктемесі
23 Тамыз 2019, 17:13
Депутат Б. Мамраев: «Сыбайлас жемқорлықты төмен еңбекақы алумен ақтау — қылмыс»
23 Тамыз 2019, 12:39
Елбасының Nur Otan саяси кеңесінің отырысында алға қойған міндеттерін орындау туралы баспасөз конференциясы өтеді
22 Тамыз 2019, 21:12
Асқар Мамин Татарстанда Дмитрий Медведевпен кездесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады
22 Тамыз 2019, 15:01
Рустам Ахметов ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Тамыз 2019, 11:30
Асхат Қайнарбеков ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды
21 Тамыз 2019, 16:08
Е. Ерсаинов ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
20 Тамыз 2019, 20:07
Асқар Мамин жаңа ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін таныстырды
20 Тамыз 2019, 19:57
Арыста бес секторда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
20 Тамыз 2019, 18:23
А. Мамин АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Д. Хэйлмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
20 Тамыз 2019, 15:50
Жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін арттыру үшін барлық экономикалық жағдайлар жасалған — ҚР АШМ
20 Тамыз 2019, 15:43
Жаңа шаралар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауға мүмкіндік береді — ҚР ҰЭМ
20 Тамыз 2019, 15:04
Тарату орталықтарының бірыңғай пулын құру азық-түлік тауарларына бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді — Б. Сұлтанов
20 Тамыз 2019, 14:54
Рухани жаңғыру: «Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясы басталды
20 Тамыз 2019, 13:26
Данат Жумин ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Тамыз 2019, 13:08
ҚР Үкіметінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етудің жаңа құралдары қаралды
20 Тамыз 2019, 12:56
Санжар Жаркешов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
20 Тамыз 2019, 12:44
АХҚО дамыту: инвестициялық резиденттік бағдарламасы шетелдік капиталдың жаңа толқынын тартуға жол ашады
20 Тамыз 2019, 12:14
Қ. Рыскелдинов ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
20 Тамыз 2019, 11:00
Қазақстанда әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізудің бірыңғай онлайн платформасы құрылады
20 Тамыз 2019, 10:41
Жаңа заң жобасы АХҚО юрисдикциясын инвестицияларды тарту мен қорғау үшін кеңейтеді — Асқар Мамин
19 Тамыз 2019, 22:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №25
19 Тамыз 2019, 18:29
А. Майтиев ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
19 Тамыз 2019, 17:05
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Тамыз 2019, 16:22
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
19 Тамыз 2019, 13:23
Арыста 7034 тұрғын үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді
19 Тамыз 2019, 12:57
20 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
19 Тамыз 2019, 11:10
Әсет Ирғалиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
17 Тамыз 2019, 17:11
Асқар Мамин Арыс қаласында қалпына келтіру жұмыстарының және Түркістанда нысандардың салыну барысын тексерді
16 Тамыз 2019, 14:09
Сауда және интеграция министрлігі ведомствоның Қоғамдық кеңесін құруға кірісті
15 Тамыз 2019, 16:47
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып қайтты
14 Тамыз 2019, 18:56
ҚР СжИМ жаңа сауда инфрақұрылымының «көлеңкесімен» күреседі
14 Тамыз 2019, 18:52
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі Ұлттық экспорттық стратегияны жаңарту жұмыстарын бастады
14 Тамыз 2019, 17:02
Жыл соңына дейін мемлекеттік сатып алулар порталында жаңа функционал пайда болады - ҚР Қаржы министрлігі
14 Тамыз 2019, 13:29
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Тамыз 2019, 10:56
А. Маминнің Түрікменстанда І Каспий экономикалық форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Тамыз 2019, 16:47
Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді
13 Тамыз 2019, 16:41
Мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру шаралары туралы баспасөз конференциясы өтеді
13 Тамыз 2019, 14:28
Бірінші сынып: Қазақстанда бірінші сыныпқа баратындарға қойылатын талаптар қандай
13 Тамыз 2019, 13:17
1 қыркүйектен бастап электронды оқулықтар ҚР БҒМ сайтында көпшілік үшін қолжетімді болады
13 Тамыз 2019, 12:24
2019 жылдың басынан бері 55 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді — Р. Скляр
13 Тамыз 2019, 12:19
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында банктер 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдады — ҚР Ұлттық банкі
13 Тамыз 2019, 12:11
2019 жылғы қаңтар–шілде айларында экономиканың барлық салаларында макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарды
13 Тамыз 2019, 10:47
2019 жылғы қаңтар–шілдеде ЖІӨ өсімі 4,2% құрады — Асқар Мамин
13 Тамыз 2019, 00:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №24
12 Тамыз 2019, 17:48
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түрікменстанда І Каспий экономикалық форумына қатысты
12 Тамыз 2019, 12:26
13 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Тамыз 2019, 23:11
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
11 Тамыз 2019, 13:32
ҚР Премьер-Министрі құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
10 Тамыз 2019, 16:41
Тұрғын үй құрылысын қазақстандық өнімдермен қамту 87% құрайды — ҚР ИИДМ
10 Тамыз 2019, 14:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласында болып қайтты
09 Тамыз 2019, 13:37
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
08 Тамыз 2019, 19:53
«ҚазАгро» холдингі реформалау нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдаға шығуды жоспарлап отыр
08 Тамыз 2019, 16:54
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады
08 Тамыз 2019, 14:38
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов ЕЭК отырысына қатысты
08 Тамыз 2019, 14:30
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру бюджет кірістерін 20%-ға жуық ұлғайтуға жол ашты — Б. Шолпанқұлов
08 Тамыз 2019, 13:44
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық тексерулер қашықтан тексеру форматына өтеді — ҚР Қаржы министрлігі
07 Тамыз 2019, 19:05
2019 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 4 мыңға жуық маман баспана алады
07 Тамыз 2019, 18:50
2019 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдарда 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады
07 Тамыз 2019, 17:51
Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету туралы баспасөз конференциясы өтеді
07 Тамыз 2019, 12:40
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлттық биотехнология орталығына барды
06 Тамыз 2019, 20:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминді қабылдады
06 Тамыз 2019, 12:32
Ауылдарда тұрмыс сапасын арттыру туралы баспасөз конференциясы өтеді
05 Тамыз 2019, 18:19
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
05 Тамыз 2019, 13:27
Арыста 6,7 мың үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
05 Тамыз 2019, 11:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №23
05 Тамыз 2019, 11:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
04 Тамыз 2019, 13:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
02 Тамыз 2019, 13:22
Асқар Мамин: Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90% астамы аяқталды
01 Тамыз 2019, 15:57
Ауыл шаруашылығы машинасын жасау кәсіпорындарында жергіліктендіруді одан әрі арттыру үшін барлық жағдайлар жасалады — ҚР машина жасаушылар одағы
01 Тамыз 2019, 15:35
ҚР ИИДМ жанынан Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады
01 Тамыз 2019, 14:29
Машина жасау саласын дамытудың 2019–2024 жылдарға арналған жол картасын іске асыру өндіріс көлемін екі есеге арттырады — ҚР ИИДМ
01 Тамыз 2019, 09:49
5776 үйде қалпына келтірудің негізгі жұмыстары аяқталды
31 Шілде 2019, 22:47
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.07.2019
31 Шілде 2019, 14:25
ҚР машина жасау саласын дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді
31 Шілде 2019, 11:39
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері тағайындалды
30 Шілде 2019, 18:45
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі тағайындалды
30 Шілде 2019, 18:11
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2019, 15:45
LRT Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлік жүйесін жақсартады
30 Шілде 2019, 15:21
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрмен кездесу өткізді
30 Шілде 2019, 13:18
LRT жобасының құрылысы елорданың балама көлік түріне қажеттілігін ескере отырып жалғасады — Нұр-Сұлтан қ. әкімі
30 Шілде 2019, 12:36
2019 жылы 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданады
30 Шілде 2019, 11:50
2019 жылдың І жарты жылдығында мал шаруашылығының жалпы өнімі 10,5%-ға ұлғайды — ҚР АШМ
30 Шілде 2019, 11:26
ҚР Үкіметі Нұр-Сұлтан қ. ЖРТ құрылысының жобасын оңтайландырды
29 Шілде 2019, 17:00
5051 отбасы Арыс қаласындағы үйлеріне оралды
29 Шілде 2019, 16:46
Еңбек заңнамасын жетілдіру: тең еңбек жағдайлары және жұмысшылардың құқықтарын қорғауды арттыру
29 Шілде 2019, 15:59
30 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Шілде 2019, 14:36
Биылғы І жарты жылдықта 1000-нан астам отбасы жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші тапшы өңірлерге көшірілді
29 Шілде 2019, 13:55
2019 жылдың І жарты жылдығында 280 мыңнан астам қазақстандық «Еңбек» бағдарламасымен қамтылды
29 Шілде 2019, 10:51
Ерлан Нысанбаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
27 Шілде 2019, 23:10
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №22
27 Шілде 2019, 15:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қарағанды облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
27 Шілде 2019, 14:12
«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық сенбілігі: ҚР Үкіметі Нұр-Сұлтан қ. өзендер мен су қоймаларының жағалауларын тазарту жұмыстарына қатысты
27 Шілде 2019, 13:39
Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы 2021 жылы аяқталады
26 Шілде 2019, 18:23
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комитеттерінің төрағалары тағайындалды
26 Шілде 2019, 17:58
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ЖЭО-3 құрылысының барысын тексерді
26 Шілде 2019, 16:22
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді
26 Шілде 2019, 13:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Жас кәсіпкер» және «Бастау бизнес» әлеуметтік жобаларын іске асыру барысымен танысты
25 Шілде 2019, 15:49
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
24 Шілде 2019, 18:13
Асқар Мамин Қарағанды облысының жаңа ферроқорытпа зауытының ашылуына қатысып, өңірдің индустриялық нысандарына барды
23 Шілде 2019, 19:46
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №21
23 Шілде 2019, 18:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.07.2019
23 Шілде 2019, 15:23
ЖРК жобасының құрылысын аяқтау мәселесі Елорданы дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралады — Ж. Қасымбек
23 Шілде 2019, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы АҚШ елшісі У. Мозермен кездесті
23 Шілде 2019, 14:59
Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда
23 Шілде 2019, 14:46
Несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдардың 70%-ын банктер есептен шығарады — Ә. Смайылов
23 Шілде 2019, 14:37
АӘК-ті заңсыз тағайындау туралы материалдар құқық қорғау органдарына беріледі — Г. Әбдіқалықова
23 Шілде 2019, 14:17
Мемлекет басшысының әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтауды, білім беруді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін түбегейлі шаралар қабылданады — Г. Әбдіқалықова
23 Шілде 2019, 14:03
2020-2025 жж. арналған ИИДМБ-да индустрияландырудың алдыңғы екі бесжылдығының жүйелік проблемалары ескерілетін болады — Ж. Қасымбек
23 Шілде 2019, 13:46
Бюджеттік жоспарлау мен мемлекеттік қаржы тиімділігін арттырудың жол картасы Парламент пен Есеп комитетінің ұсынымдарына сәйкес әзірленді — Ә. Смайылов
23 Шілде 2019, 13:11
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин SoftBank Investment Advisers төрағасы Р. Мисрамен кездесті
23 Шілде 2019, 13:08
ҚР Ұлттық банкі жүргізіліп отырған бағам саясатына халықтың сенімін және транспаренттілігін арттырады — Е. Досаев
23 Шілде 2019, 12:20
Ержан Жиенбаев ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
23 Шілде 2019, 11:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
23 Шілде 2019, 11:50
ҚР Үкіметінде Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
22 Шілде 2019, 17:33
Ахметжан Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
22 Шілде 2019, 16:12
23 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Шілде 2019, 13:25
МЖӘ тетігі бюджетке жүктемені шектеуге бағытталған — А. Көбетов
22 Шілде 2019, 13:09
Бюджеттен ең аз өтелетін МЖӘ жобалары басымдыққа ие — ҚР ҰЭМ
22 Шілде 2019, 12:48
2019 жылдың І жарты жылдығында 560-тан астам МЖӘ келісімшарты жасалды
22 Шілде 2019, 12:19
Арыста 5000-ға жуық үй қалпына келтіру жұмыстарымен қамтылды
20 Шілде 2019, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша видеодайджест
20 Шілде 2019, 16:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша видеодайджест
20 Шілде 2019, 16:21
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша видеодайджест
20 Шілде 2019, 13:40
Арыста 1620 үй қалпына келтірілді
20 Шілде 2019, 12:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қоянды су қоймасы аумағында «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастады
19 Шілде 2019, 15:30
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді
19 Шілде 2019, 13:31
mGov жаңартылған мобильді қосымшасы биыл тамыз айында іске қосылады
19 Шілде 2019, 13:27
2019 жылдың І жартыжылдығында Азаматтарға арналған үкімет арқылы 15 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді – А. Оспанов
19 Шілде 2019, 12:53
Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары мен Түркістан қаласындағы құрылыс қарқынын тексерді
18 Шілде 2019, 15:50
Асқар Мамин Теңіз кен орны мен бірқатар мұнайгаз жобаларын аралап, жергілікті қамтуды арттыру жөнінде кеңес өткізді
18 Шілде 2019, 12:38
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру туралы баспасөз конференциясы өтеді
18 Шілде 2019, 12:35
Үкімет Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 500-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлауда
18 Шілде 2019, 11:53
Арыс қаласында 1469 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді
17 Шілде 2019, 16:39
Арыс қаласында 1360 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
17 Шілде 2019, 15:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды және өзбек әріптесі Абдулла Ариповпен бірге «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» бағытындағы автокөлік жолының ашылуына қатысты
16 Шілде 2019, 16:30
Арыста 1172 үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді
15 Шілде 2019, 19:36
ҚР Үкіметінде КАМАЗ ЖАҚ-пен бірге экспортқа бағытталған жобаларды іске асыру бойынша ниеттестік туралы Келісімге қол қойылды
15 Шілде 2019, 19:07
Арыста мыңнан аса үй қалпына келтірілді
15 Шілде 2019, 16:54
Қайрат Төребаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
15 Шілде 2019, 16:30
ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаровтың Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
15 Шілде 2019, 16:12
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаевтың Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
15 Шілде 2019, 15:46
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаевтың Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
15 Шілде 2019, 15:42
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Склярдің Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
15 Шілде 2019, 15:16
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
15 Шілде 2019, 15:07
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында экономика өсімі 4,1% құрады - ҚР Премьер-Министрі
15 Шілде 2019, 11:46
Бауыржан Сартбаев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2019, 14:53
Арыста 3,5 мың үй қалпына келтіру жұмыстарымен қамтылды — ҚР ИИДМ
13 Шілде 2019, 14:33
Македонияда қазақстандық «Алтын адам» қойылған көрме ашылды
13 Шілде 2019, 13:25
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №20
13 Шілде 2019, 13:20
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Тәжікстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Шілде 2019, 13:17
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғыз Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Шілде 2019, 12:19
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына және Түркістан облысының Арыс қаласына жұмыс сапарының қорытындыcы бойынша видеодайджест
12 Шілде 2019, 17:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Бішкекте қазақстандық-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің VIII отырысына қатысты
12 Шілде 2019, 15:42
Арыста 3232 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде — ҚР ИИДМ
12 Шілде 2019, 14:33
Өсімпұлдар жеке тұлғалардың барлық салықтық міндеттемелері бойынша есептен шығарылады — ҚР Қаржы министрлігі
12 Шілде 2019, 12:48
Қазақстанда 16 шілдеден жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталады — ҚР Қаржы министрлігі
12 Шілде 2019, 09:02
Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді
11 Шілде 2019, 15:05
Жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы туралы баспасөз конференциясы өтеді
11 Шілде 2019, 14:25
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады
11 Шілде 2019, 13:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
11 Шілде 2019, 09:21
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент қаласындағы ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды аралады
10 Шілде 2019, 20:03
Ермек Аманшаев жаңа қызметке тағайындалды
Құжаттар
 

Заңнамалық актілер және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері


Үкімет қаулылары


Премьер-Министрдің өкімдері

© 2019 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі