Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Дүйсенбі, 15 Шілде 2019, 15:16:01

Құрметті Қасым - Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

Жыл басынан бері ел экономикасының өсу қарқыны алты айдың көрсеткіштері бойынша  2,9 % - дан  4,1 % - ға  артты.

Өсудің қозғаушы күштері негізінен өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салалары болды.

Өңдеуші өнеркәсіптегі 3,4% деңгейіндегі өсім негізінен машина жасау, мұнай өңдеу, түсті металлургия, фармацевтика  және тағы да басқа салалардың есебінен қамтамасыз етілді.

 Тау кен өнеркәсібі 2,1% өсті, алайда көмір өндіру, сыртқы сұраныстың азаюына байланысты 5,1% төмендеді. Мұнай өндіру, Қашаған жобасындағы жөндеу жұмыстарымен байланысты – 2%  азайды.

14 өңірде өнеркәсіптің өсуі қамтамасыз етілген.

Негізгі капиталға инвестициялар 11,7% ұлғайды, оның ішінде жеке инвестициялар –  13% өсті.

Бұл көрсеткіштер Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары.

 Ал  Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында және Маңғыстау облысында бұл көрсеткіштер төмендеп отыр.

Құрылыс қарқыны Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарында  жоғары.

Бірақ, 4 өңірде өсім қамтамасыз етілмеген. Бұл - Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Сыртқы сауда айналымы 5 айдың ішінде 3,3 % артып, 37,2 млрд. долларға дейін өсті.

Мемлекеттік бюджет кірісі осы жылдың  6 айында  4 трлн. 379 млрд. теңгеге атқарылды,   бұл жоспардан 148 млрд. теңгеге артық.

Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 730  млрд.теңгеге немесе 20 % артып отыр. 

Мемлекеттік бюджет шығыстары осы жылғы 1 шілдеге дейін 6 трлн. 342 млрд.теңге немесе жоспардың 99,6% құрады.

Инфляция деңгейі жыл басынан бері 2,6%, ал жылдық мәнде – 5,4 % құрады.

Еңбек нарығы тұрақты. Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылда жұмыссыздық деңгейі 4,8 % құрады.

186 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 126  мыңы – тұрақты.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Елбасының әлеуметтік бастамаларын, сондай-ақ Сіздің әлеуметтік күн тәртібіңізді іс жүзіне асыру - Үкімет жұмысының басты басымдығы.

Биылғы жылдың басынан бері ең төменгі жалақы 1,5 есеге арттырылды, төмен еңбекақы алатын жұмыскерлер үшін салық жүктемесі 10 есеге төмендетілді, а.ж. 1 маусымнан бастап бюджет саласындағы жекелеген жұмысшылардың жалақысы 30%-ға дейін көтерілді.

Халықтың табысын арттыру бизнес-қауымдастықтың арасында кең қолдауға ие болды.

Бүгінгі таңда төмен жалақы алатын 1,1 млн жұмысшы орта есеппен еңбекақысына 31% көлемінде үстеме ақы алды.

Сонымен қатар, а.ж. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көлемі арттырылды.

Қабылданған шаралар шамамен 5,2 млн адамның табысына оң ықпалын тигізді. Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік шараларды іске асыру нәтижесінде а.ж. І жартыжылдығында экономика өсімі тұрғындардың орташа айлық жалақысының 9%-ға және нақты табысының 5,5%-ға өсуін көрсетті.

Сіздің тапсырмаңыз бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша азаматтардың борыш жүктемесін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша шұғыл шаралар пакеті іске асырылып жатыр.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту бойынша проактивті шаралар іске асырыла бастады.

Биыл жұмыспен қамту шараларымен қамту, оның ішінде «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту арқылы қамту 4 есе артады және 300 мыңнан астам адамды құрайды.

Ағымдағы жылы шағын несиелендіруге шығындар 19 мың адамды қамтумен 85 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар көлемі 37 мыңнан астам адамды қамтумен 18 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

А.ж. 1 қыркүйектен бастап 122 мыңнан астам адамды қамтумен, ТжКБ-дегі жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылардың шәкіртақысы 30%-ға өседі.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды ЖОО-ларда оқыту үшін қосымша 5 мың нысаналы мемлекеттік білім беру гранттары бөлінеді.

Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер саны 3 есеге, жылына 3 мың пәтерге дейін арттырылды.

Жеке инвесторларды тартумен тұрғындардың аз қамтылған санаттары үшін жалға берілетін тұрғын үй көлемі жылына 20 мың пәтерге дейін 2 есеге арттырылады.

Аталған шаралар пакетін іске асыру 500 мыңнан аса адамға оң ықпалын тигізеді.

Жалпы, 2019 жылы әлеуметтік сала шығындары 7,1 трлн теңгеге дейін арттырылды.

Үкімет аталған әлеуметтік шараларды іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

* * *

Сіздің Сайлауалды бағдарламаңызды іске асыру үшін, құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, Үкімет 7 басымдықты бағыт бойынша жүйелі шаралар кешенін қамтитын «Жаңа күн тәртібін» әзірлеп, жүзеге асыруда.

Бірінші бағыт. Динамикалы экономика – баршаның игілігінің негізі.

Біріншіден, біздің жұмысымыздың басты басымдығы – жаңа жұмыс орындарын құру.

Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және нәтижелі жұмыс орындарын құру үшін негізгі мәселе – инвестициялардың жаңа толқынын тарту.

Біздің міндетіміз – жыл сайын негізгі капиталға инвестициялар көлемін орта есеппен 20%-ға арттырып, оның деңгейін 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 30% дейін жеткізу.

Нысаналы параметрлерге қол жеткізу үшін негізгі капиталға 5 жыл бойы 30 трлн теңге сомасында инвестициялар тарту қажет. Бүгінде 12,4 трлн теңге сомасында жобалар пулы анықталды. Яғни, жыл сайын орта есеппен 3 трлн теңгеден қосымша қаржы тарту қажет.

Тікелей шетелдік инвестициялардың жылдық көлемін қазіргі 24 млрд доллардан 2025 жылға қарай 34 млрд-қа дейін арттыру керек.

Инвестициялар тарту үшін өңдеу өнеркәсібінің, отын-энергетика кешенінің, көлік және логистиканың, АӨК пен туризмнің әлеуеті зор.

Инвестициялар тарту жаһандық бәсекелестіктің артуы жағдайларында жүзеге асырылып жатыр. Осыған баланысты Үкімет барлық мемлекеттік қолдау шараларын қолданумен және қолайлы инвестициялық ахуал құрумен инвестициялар тарту бойынша проактивті жұмыстарды жүргізе бастады.

Ағылшындық құқықты, жобаларды құрылымдастыруды және тең қаржыландыруды қолдану арқылы АХҚО әлеуетін пайдалану шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды жағдайлар тудырады.

Әрбір орталық және жергілікті атқарушы орган мен ұлттық холдинг үшін нақты нысаналы индикаторлар қойылады.

Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінде барлық инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қарастырылатын болады.

Екіншіден, Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп Индустрия 4.0 технологияларын енгізумен өндірісті кеңейту, экспорт географиясын кеңейту, өңдеуді тереңдету, оның ішінде трансұлттық компанияларды тарту арқылы да өндірістің жаһандық тізбегіне ену бойынша негізгі салаларды дамыту стратегиясын қайта қарастырады.

Бұл 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 1,7 есеге, ал экспортты 1,5 еседен астамға арттыруға мүмкіндік береді,

АӨК саласында нарықты сапасы жоғары отандық өнімдермен толықтыру және 2025 жылға қарай импортты 2 есеге төмендету міндеті тұр.

Сонымен қатар АӨК саласында экспортты 2,4 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін арттыру бойынша шаралар жалғастырылады.

 Экономиканың дамуы үшін қызмет көрсету саласының әлеуеті зор. Ең алдымен, бұл туризм, электронды сауда, көлік және логистика.

 Салаға 600 млрд теңге инвестиция тартумен туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шектес салаларды ескерумен 200 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі туризм үлесі 8%-ға дейін артады.

Транзиттік, сауда-логистикалық қуаттылықтарды ұлғайту, жергілікті және республикалық жолдарды реконструкциялау және салу арқылы көлік-логистикалық кешенді дамыту 150 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құрып, саланың ЖІӨ-дегі үлесін 10%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Онлайн-сауда нарығында жұмыс орындарын құрудың зор әлеуеті бар.

2025 жылға қарай қазақстандық интернет-алаңдарда сатып алулар көлемі 500 млрд теңгеге дейін артып, жалпы бөлшек сауданың 5%-ын құрайтын болады. Электронды коммерция аясында транзиттен логистикалық компаниялардың күтілетін табысы 1,3 трлн теңгеге дейін өседі. Шектес салаларды ескерумен 280 мыңға дейін жұмыс орындары құрылады.

Экономиканы әртараптандыру үшін сонымен қатар басқа салалар да дамитын болады. Біздің алдымызда 2025 жылға қарай экономика бойынша еңбек өнімділігін кемінде 33%-ға арттыру, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты 38 млрд долларға дейін ұлғайту міндеті тұр.

Үшіншіден, бұл экономиканы цифрландыру.

Тау-кен металлургиясы кешені, өңдеу өнеркәсібі, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында цифрландыру шығындарды төмендету және еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыру арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Екінші бағыт. Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан.

Кенттену бойынша әлемдік беталыстарды ескерумен «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және 2025 жылға дейінгі өңірлерді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламалары аясында біздің жұмысымыз ірі агломерациялар мен жалпы қалаларды сапалы дамытуға бағытталатын болады.

Облыс әкімдіктерімен бірлесіп «адамдар инфрақұрылымға» қағидаты негізінде 6 мың 454 ауылдық елді мекеннен тұрғындар санының динамикасы, экономикалық көрсеткіштері мен тиісті инфрақұрылымның болуы бойынша даму әлеуеті бар 3 мың 387 ауылдан тұратын цифрлық карта жасалды. 

«Ауыл - Ел бесігі» жобасын одан әрі іске асыру тірек және серіктес ауылдардың инфрақұрылымын басымдықты қаржыландыру арқылы жүргізіледі.

Бұл бюджеттік инвестицияларды пайдалану тиімділігін және 2025 жылға қарай ауылдықтардың 85%-ның өмір сүру сапасын арттырады.

2019 жылы 700 мың адам тұратын 53 ауылдың инфрақұрылымы жаңғыртылып, 4 мың 700 жаңа жұмыс орны құрылады.

Үшінші бағыт. Табысты кәсіпкерлік.

Сіздің тапсырмаңыз бойынша Үкімет ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін қазіргі 28%-дан 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 35%-ына дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Кәсіпкерлікті дамыту көбіне өңірлік сипатқа ие.

Осыған байланысты, Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп 6 облыста зерттеулер жүргізді.

Мәселен, тек Атырау облысында импорт алмастыру аясында 539 әлеуетті тауарлар мен қызметтер анықталған.

Мұндай жобаларды іске асыру кәсіпорындардың өндіріс көлемін 80 млрд теңге сомасына арттырып, 1 190 мамандық бойынша 8 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, машинажасау және кен өндіру өнеркәсібі саласының 100 млрд теңгеге жуық қаражатқа импорт алмастыру әлеуеті бар.

Биылғы жылдың соңына дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп салаларды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.

Төртінші бағыт. Тиімді мемлекеттік басқару.

Ықшам мемлекеттік аппарат құру үшін ведомстволық бағынышты ұйымдарды және оларға бөлінетін бюджет қаражатын оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Қосалқы қызметтерді орталықтандыру бойынша шаралар қабылданады (ғимараттарды күту, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алуларды өткізу).

Биыл жыл соңына дейін электронды форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтер үлесі 80%-ға, келесі жылдың соңына дейін 90%-ға дейін жеткізіледі.

Мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштері мен мемлекеттік органдардың стратегиялары олардың нақты қаржылық қамтамасыз етілуін ескерумен түзетіледі.

Келесі жылдан бастап жергілікті бюджеттердің кіріс базасына шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы беріледі.

Сондықтан, инвестицияларды белсенді тартып, кәсіпкерлікті дамытып отырған өңірлердің жергілікті бюджетіне қосымша салық түседі.

Бесінші бағыт. Тиімді әлеуметтік әл-ауқат жүйесі.

Әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

Мұқтаж азаматтарға көмектің көрсетілуі оларды еліміздің экономикалық тіршілігіне белсене тартылуға ынталандыруы тиіс.

Қазақстандық отбасылар бойынша жасалған әлеуметтік карталар негізінде әр отбасының әлеуметтік әл-ауқатына мониторинг жүргізіліп, одан соң қолдау шаралары белгіленеді.

Экономиканың және тұрғындардың нақты табысының өсімі мәселелері еңбек нарығының тиімділігімен тікелей байланысты.

Халықтың демографиялық өсімін ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін 4,8%-дан 4,5%-ға дейін азайту үшін 2025 жылға дейін 2,7 млн адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету керек.

Сондықтан инвестициялар тарту арқылы жұмыс орындарын құру мәселесі Үкімет үшін бірінші кезектегі мәселе.

Ұлттық еңбек нарығын жүйелі жаңғырту бойынша шаралар қабылданады, онда электронды еңбек нарығын дамыту, тұрғындарға проактивті қызметтер көрсетуге басымдық берумен жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын «қайта жүктемелеу» және еңбек орналастыруда дербес тәсілді қолдану қамтылады.

Алтыншы бағыт. Білімді ұлт: баршаға арналған қазіргі білім беру стандарттары.

Биыл жыл соңына дейін Білім беру мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі.

Оның аясында үш ауысымдық мектептер мәселесі шешіледі. 

Барлығы 500 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 100-ден аса жекеменшік мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу есебінен ашылады.

Сонымен қатар, МЖӘ механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақшалар ашылады.

2021 жылға қарай еліміздің мектептерінде, колледждерде, ЖОО-ларда жаңа оқыту бағдарламасына толық көшу қамтамасыз етіледі.

Бұл ретте шағын мектептерде білім беру сапасын күшейтуге, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы айырмашылықты азайтуға ерекше назар аударылатын болады.

Техникалық білім беруді экономиканың қажеттіліктеріне барынша бағдарлау үшін колледждер трансформациясы және оларды жұмыс берушілердің сенімді басқаруына беру басталды. 390 колледжде World Skills халықаралық стандарттары мен модульдік бағдарламалар енгізіледі. Сонымен қатар, нарықтағы сұранысқа орай қазіргі колледждер желісіне оңтайландыру және профильдендіру жүргізіледі.

Жатақханаларды орындармен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың соңына қарай 75 мың орын пайдалануға беріледі, биылдың өзінде 8 мың орын пайдалануға беріледі. 

Ғылым саласында оның тиімділігін арттыру үшін ғылымды қаржыландыру мен басқарудың жаңартылған мазмұны енгізіледі, бұл рәсімдердің ашықтығы мен бөлінетін қаражаттың тиімділігін қамтамасыз етеді. 

Жетінші бағыт. Салауатты ұлт: медициналық қызметтер сапасы мен қолжетімділігі.

Сіздің тапсырмаңызды орындау аясында барлық қаржыландыру көздері арқылы денсаулық сақтауды қаржыландыруды 2024 жылға қарай ЖІӨ-нің 5%-на дейін жеткізу көзделген. Бұл ретте, шығындардың 60%-ы денсаулық сақтау және бірінші реттік медициналық көмек көрсету бойынша профилактикалық шараларға бағытталады.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 1 адамға жалпы шығындарды ағымдағы жылғы 97 мың теңгеден 2025 ж. 270 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Бұл денсаулық сақтау саласының инвестициялық тартымдылығын едәуір арттырып, оның инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

2025 жылдың соңына дейін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға 643 жаңа нысан салынады, оның ішінде МЖӘ бойынша 790 млрд теңге сомасына 95 ірі нысан салынады (72%).

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай күтілетін өмір сүру ұзақтығы 73 жастан 75 жасқа дейін ұлғаяды.

 

         Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіз Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлеуметтік - экономикалық стратегиясын жалғастырып, сабақтастық негізінде еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін және халықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі шараларды қабылдадыңыз. 

Үкімет пен әкімдіктердің алдында әлеуметтік және экономикалық маңызы үлкен тапсырмалар мен міндеттерді белгіледіңіз.

Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Үкімет орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін нақты нысаналы индикаторларды белгілеп, оларды уақытында және тиімді орындау үшін жаңа тәсілдер енгізді.   

Осы ретте, экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында:

-  инвестицияларды белсенді тартуға,

- өнімді жұмыс орындарын құруға,

- экономиканы әртараптандыруға,

- өнімділікті өсіруге және экспортты дамытуға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Үкімет қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған Сіздің тапсырмаларыңыз бен бастамаларыңызды уақытылы және сапалы орындау бойынша жұмысты жалғастырады.

Осы ретте, Үкімет барлық қажет шараларды ұйымдастыруда.

Назарларыңызға рахмет. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.