10 жылда ҚР-нан БАӘ-не тартылған инвестициялар көлемі 2 млрд доллардан асты - Е.Қайыров

Соңғы 10 жылда Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 2 млрд доллардан асты, деп мәлімдеді бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Әмірліктер бизнес-форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров.

«Біріккен Араб Әмірліктерімен екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық әріптестік жоспарға сай дамып келеді. Соңғы он жылда БАӘ-ден тартылған инвестиция көлемі 2 млрд доллардан асады», - деп хабарлады Е.Қайыров. 

По его словам, на сегодняшний день действует около 200 казахстанско- эмиратских предприятий. Эмиратские компании широко представлены в сферах нефтепереработки и развитии инфраструктуры нефтегазового сектора, химической промышленности, агропромышленном комплексе и строительстве. 

Комитет төрағасы атап өткендей, Біріккен Араб Әмірліктерінін компаниялары мұнай өңдеу мен мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және құрылыс салаларында жұмыс істейді. 

Оның айтуынша, инвестицияның индустрияландыру, технологиялық деңгейді арттыру ісінде маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қазақстан өзге елдер секілді инвестиция тарту үшін бәсекелестікке түсуде. Соңғы он жылда мақсатты жұмыс нәтижесінде Қазақстанға 200 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылды.

«Инвестицияның әлемде 16 пайызға және өңірде 50 пайызға төмендеуіне қарамастан Қазақстан шетелдік инвестиция көлемі бойынша қол жеткізілген деңгейден түспеді», - деп тоқталды Е.Қайыров.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу