17 Қаңтар 2017, 08:55
«Кинематография туралы» Заңның тездетіп қабылдануы отандық киноиндустрияның барлық қатысушыларына пайдалы болады. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы хабарлады.
Бүгін ҚР Үкіметі отырысы аясында «Кинематография туралы» Заң жобасы, сонымен қатар, Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы ұсынылды. Онда отандық киноиндустрияны әрі қарай дамытудың негізгі бағыттары көрсетілген.
Сондай-ақ, Заң киноиндустриядағы қызметтің құқықтық негіздерін айқындап, мемлекеттік қолдау тетіктерін бекітуі тиіс, сонымен қатар фильм шығару үдерісіндегі қоғамдық қарым-қатынастарды ретке келтіру қағидаларын анықтауы қажет.
«Бірінші кезекте, заңға біздің прокатшылар мен өнімді өткізумен тікелей айналысатындар мүдделі. Олар ішкі көріністі анық көрген соң, жақсы заңды жылдамырақ қабылдағанын қалайды. Заңда біз киноөндіріс қатысушыларының өкілеттігін жазып көрсетеміз, сондай-ақ, заңда интернет кеңістігінде айтарлықтай үлкен залал келтіретін пираттық мәселесі туралы да қарастырылады. Біз бұны ескеруге міндеттіміз», - деді А. Мұхамедиұлы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу