Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді

Сәрсенбі, 22 Шілде 2020, 18:42:59

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев онлайн конференция барысында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары туралы айтып берді. 

Мемлекет басшысы экология мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қ. Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алдына екі міндет қойды:  

1. «Waste to energy» технологиясын енгізу үшін заңнамалық базаны және қолайлы инвестициялық жағдайларды жедел қамтамасыз ету.

2. Елді мекендер айналасындағы жосықсыз қоқыстарды болдырмау және жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.   

 

«Waste to energy» технологиясы жеке инвесторларды қызықтырады  

«Waste to energy» технологиясын заңнамалық енгізу бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі нақты жұмыстар жүргізді.

«Бұған дейін бірнеше рет айтқанымдай, бізде орта есеппен еліміз бойынша қалдықтарды өңдеу үлесі өте төмен, небәрі 15%. Ал Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 2 есе көп – орта есеппен 30%. Жасыл экономика тұжырымдамасына сәйкес, біз бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 40%-ға жеткізуіміз керек», — деді М. Мырзағалиев.

Алайда, бүгін Қазақстанда қоқыс шығару тарифтері төмен және қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату шығындарын ескермейді. Сондықтан жеке инвесторларға бұл салаға бару тиімді емес. 

Бұл ретте «Waste to energy» технологиясы жеке инвесторларды қызықтыра алады. Өйткені қоқыстарды жағу нәтижесінде электр энергиясы өндіріліп, жалпы электр желісіне сатылады.

«Келесі жылы біз осындай зауыт құрылысына инвесторлар арасында алғашқы аукциондар өткізуді жоспарлап отырмыз. Электр энергиясының ең төмен бағасын кім ұсынса, сол аукционның жеңімпазы болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті заң жобасын әзірленді, оны Мәжіліс мақұлдады. Күзде ол Парламент Сенатында қарастырылады деп күтілуде», — деді министр.

Сонымен қатар, заң жобасында аталған қоқыс өртейтін зауыттардың «Өнеркәсіптік қалдықтар туралы» еуропалық директивіне балама талаптарға сәйкес жұмыс істейтіндігі қарастырылған. Бүгінде Еуропада мұндай зауыттарда шығарындылар бойынша көрсеткіштер ең төмен. Мысалы, Венада Шпиттелау қоқыс жағу зауытында диоксин шығарындылары жылына небәрі 1 граммға дейін құрайды. 

«Біз мұндай зауыттарды республиканың 6 пилоттық қаласында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олар Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент. Әлеуетті инвесторлармен жұмыс басталды. Сондай-ақ, біздің министрлік қазір әкімдіктермен жер телімдерінің, инфрақұрылымының және қалдықтармен кепілді тиеуінің болуы бойынша бұл мәселені белсенді түрде пысықтауда», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

 

10 күнде 1635 заңсыз қоқыс жойылды

М. Мырзағалиев заңсыз қоқыстарды тастауға жол бермеу және оны жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

Бірінші. Біз әкімдіктермен бірлесіп ғарыштық мониторинг барысында анықталған Қазақстан бойынша барлық заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді жоюды бастадық. 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ мониторинг жүргізді. Ол елу 50 км радиустағы ірі қалалардың маңындағы аумақты қамтиды. Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде 7,5 мыңнан астам қоқыс орындары анықталды. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп оларды жою жөніндегі жоспар жасады. Тек соңғы он 10 күн ішінде 1635 заңсыз қоқыс орындары жойылды, бұл жалпы санының 20% құрайды. 

Қарағанды және Атырау облыстарында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл өңірлерде заңсыз қоқыстардың тиісінше 60% және 40% астамы жойылды.

Екінші. Министрлік өткен аптада әрбір өңірдегі заңсыз қоқыс орындары бойынша тұрғындардан ақпарат жинау үшін «жедел желі» жүйесін қосты. Тиісті ақпаратты 8-777-595-24-90 ватсап нөміріне жіберуге болады. Алғашқы 5 күн ішінде «жедел желіге» заңсыз қоқыстар жайлы 223 хабарлама келіп түскен.

Үшінші. Ішкі істер министрлігімен, қоғаммен, еріктілермен және журналистермен бірлесіп, заңсыз қоқыс орындары бойынша ауқымды қоғамдық рейдтер жүргізілді.

«Осы дүйсенбі күні, мысалы, елорда маңындағы заңсыз қоқыс орындарына рейд жүргізілді. Осындай рейдтер барлық өңірлерде жүргізілетін болады. Олардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде үнемі хабарлайтын боламыз», — деді министр.

Өткізілген рейд барысында қалдықтардың көп бөлігі құрылыс қоқыстары екені анықталды. Өйткені, көбіне құрылыс объектілері шартқа отыратын қоқыс шығарушы ұйымдардың полигонмен тиісті шарты жоқ. 

«Әрине, біз құрылыс және қоқыс шығаратын компанияларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз және олар рұқсатсыз қоқыс тастайтын жерлер үшін айыппұл төлейді. Бірақ, бұл айыппұлдар төмен. Яғни, компанияларға құрылыс қалдықтарын полигонға шығарудың орнына айыппұлды төлеу арзанға түседі», — деді М. Мырзағалиев.

 Заңсыз қоқыстар мәселесін жүйелі шешу үшін жаңа Экологиялық кодекстің жобасында Министрлік мынадай шараларды қарастырған:

1. Қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату;

2. Қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарды лицензиялауды енгізу;

3. Қоқыс шығарушы ұйымдар үшін хабарлама тәртібіне көшу.

4. Қалдықтарға қатысты заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату (айыппұлдарды ұлғайту). Яғни келесідей механизм жүзеге асады: қалдықты тастасаң, айыппұл төле, қалдықты жинасаң, оны полигонға тапсыр.      

 

Табиғатқа жасаған қатыгездігі үшін жауапкершілік күшейтіледі 

«Өкінішке орай, соңғы апталарда біз табиғатқа аяусыздық танытқан жайттардың куәсі болдық. Бұл баршамызға белгілі Ақтаудағы итбалықтарды таспен атқылау, Бурабайдағы үйіліп жатқан қоқыстар, Алматыдағы Ботаникалық саябақты қирату, Алматы маңында орналасқан Первомай тоғанындағы Қызыл кітапқа енген лотостарды жұлып алып, инстаграмға жария ету, қоқыс тастау, алау жағу, сондай-ақ бірегей Көбейтұз көлінің тұзын тасып әкетіп, сату фактілері орын алғаны. Бұл тек бізге белгілі болған жәйттердің бір парасы ғана», — деді министр.

 Аталған проблемаларды шешу үшін министрлік келесі әдістерді ұсынды: 

 Біріншіден - экологиялық білім беру. 

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, біз халықтың экологиялық ой-санасын өзгертіп, өзіміз үлгі болып, балаларға табиғатқа ұқыпты қарауды үйретуіміз керек. Мысалы, сол қоқыстарды өзімен бірге алып кету, әсіресе, оны өртемеу, балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтуге үйрету, яғни өзіміз табиғат қорғау қызметіне белсене қатысуымыз керек.  Ағаштар отырғызып,  жан-жануарларды барынша қорғауымыз қажет. 

Осының бәрі балалық шақтан басталады. Сондықтан да Мемлекет басшысы Білім министрлігіне балаларға экологиялық білім беретін мектептерде жаңа пән енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін таңертең өзінің Твиттер-аккаунтында хабарлады.

Екіншіден - айыппұл салу.  

Соңғы күндері табиғи нысандарды туристердің ағымы көбейгенін байқаймыз, олар болған жерлерінде көп қоқыс қалдыруда. Министрдің айтуынша, қоқыс жәшіктерін орнату мәселені шешпейді 

«Бізді жиі қоқыс бактарын орнатуға шақырады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, біз неғұрлым көп бактар қойсақ, соғұрлым азаматтар көп қоқыс шашады. Осыған орай, біз айыппұл салуға мәжбүрміз. Біз Ішкі істер министірлігімен осы сұрақты пысықтадық. Осы сенбіден бастап, біз жағдайды мониторингілеу және бірден, жергілікті жерлерде шаралар қабылдау үшін ұлттық парктер мен демалыс аймақтары бойынша рейдтер жүргіземіз, қоқыс тастауйтындарға айыппұл саламыз. Рейдтерге бізбен бірге қоғам белсенділері мен еріктілер қатысады», — деді министр.

М. Мырзағалиев атап өткендей, Президент Қ. Тоқаев табиғатқа зиянын тигізген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл көлемін ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды. 

«Тек біздің бірлескен күш-жігеріміз ғана еліміздің бірегей табиғи байлықтарын сақтауға көмектеседі. Сондықтан журналистерге, блогерлерге, экологтарға, қоғам қайраткерлеріне, қоршаған ортамыздың жай-күйіне немқұрайлы қарамайтындарға айтарым – барлығымыз бірігіп, өзіміз жол көрсетіп, әрбір қазақстандықты табиғатты құрметтеуге, оған қамқорлық жасауға үйретейік», — деді министр.

 

Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын аймақ статусы беріледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің пікірінше, адамдардың көлге деген варварлық қарым-қатынасы мәселесін шешуге оған ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін беру көмектеседі.

«Соңғы айдың деректері осы бірегей көлді қысқа уақыт ішінде қаншалықты ластап тастауға болатынын көрсетті. Мобильді бекеттер мен шлагбаумдар мәселені шешпейді. Егер шлагбаум болса, оны айналып өтетіндер әрдайым болады. Сондықтан мәселені екі жолмен шешу қажет. Біріншісі - азаматтарға экологиялық білім беру және айыппұлдарды күшейту арқылы. Екіншісі - осы көлдің бірегейлігін ескере отырып, біз оған тиісті шектеу режимі таралуы үшін оған ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру қажет деп ойлаймыз», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Көбейтұз қызғылт көлі адамдардың көптеп келуіне байланысты жабылды. Сонымен қатар, сол күні көлдің тұзы коронавирустан ем ретінде сатыла бастағаны белгілі болды. Экология министрлігі осы факті бойынша тексеруді бастады.  

Сондай-ақ, экология министрі Бурабайдағы әйгілі тас сфинксқа шығуға тыйым салу мүмкіндігіне қатысты мәселені түсіндірді.   

«Мен мұндай ұсынысты қолдай алмаймын, өйткені біздің азаматтарымыздың табиғат аясына баруға, ең әдемі жерлерді көруге құқығы мен мүмкіндігі болуы тиіс деп есептеймін. Олар біздің еліміздің танымал жерлері», — деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Сонымен қатар, министр көлдер мен табиғи ландшафтардың жай-күйіне мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Егер Көбейтұзда болған тәрізді фактілер орын алатын болса, әрине, біздің табиғи байлығымызды сақтау үшін бұған да келу керек. Оның үстіне, біз оны ұрпақтарға жеткізуіміз керек», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр бұл мәселенің жеке пысықталатынын, тас сфинкске адамдар жолданатынын айтты және журналистер, экологтармен бірге шығып, сол жерде шешім қабылдауға дайын екенін айтты.

 

Экологтар Атыраудағы проблеманың шешімін тапты

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау тұрғындарының «жаман иіс пен жаман ауа» туралы шағымына жауап берді. Олар бұл туралы шілде айының басында әлеуметтік желілерде жарияланған.

Жүргізілген мониторинг оның екі себебін көрсетті: қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигоны және «сасыған бөрене» деген атауға ие болған жер. 

«Бұл мәселенің шешімі жаңа полигон салу болып табылады. Әкімдік жаңа полигонға арнап 50 гектар жер бөлді, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және жақын арада барлық санитарлық талаптарға сай келетін заманауи полигонның құрылысы басталады деп үміттенеміз. Ал «сасыған бөрененің» буланған жерін өзім барып көрдім. Мәселе мынада, барлық кәріз суы ағындары сол жерге тазалаусыз немесе жеткіліксіз тазаланып тасталады. Әкімдікпен бірлесіп біз соңғы жылы өте маңызды жұмыс атқардық, Атырау қаласының сол жақ жағалауында жаңа тазарту құрылыстары салынатын учаске анықталды. Оны 2020 жылдың соңында пайдалануға беру күтілуде. Тиісінше қазіргі заманғы кәріздік тазарту құрылыстарының болмауына байланысты проблема шешілетін болады», — деді министр.

Ол сондай-ақ келесі жылдан бастап әкімдік Атырау мұнай өңдеу зауытымен бірлесіп булану алаңдарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастайтынына сенім білдірді.

Маңғыстау облысы Жетібай кен орнындағы мұнайдың төгілуі тоқтатылды

Экология министрлігінің басшысы Маңғыстау облысы Жетібай кен орнында мұнайдың төгілу фактісін растады. 

«Иә, шынында да мұндай факті расталды, 17 шілде күні осындай факті болды. Қазір «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қатысуымен мұнайдың төгілуі тоқтатылды», — деді журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, енді тазарту жұмыстарын жүргізу керек.

«Төгілген мұнайды тазарту және жинау жұмыстары күтіп тұр. Ең бастысы, төгілу фактісі дер кезінде анықталып, тоқтатылды», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

 

ЭГТРМ жағалауларда құрылыстарды жөнсіз салу фактісімен күресетін болады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев хабарлағандай, Қазақстанда барлығы 13 ұлттық парк барын атап өтті. олардың 12-сі ЭГТРМ құзыретіне жатады, Бурабай ұлттық паркі Президент Іс басқармасының қарауында. Қазіргі уақытта Экология министрлігі халық арасында «кәуап туризмі» деген атауға ие болып кеткен қонақ үй және мейрамхана бизнесінің емес, экологиялық туризмді дамытуға баса назар аудара отырып, 11 ұлттық парктің жоспарларын дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Экологиялық туризм — бұл туризмді ілгерлету және туристердің барынша көп санын тарту, жаяу жүру, яғни жол арқылы туризмді дамыту. Құрылыстарды дұрыс салмау фактілері бойынша олармен күресу керек. Қолданыстағы заңнама аясында бәрін зерттеу керек», — деді министр.

Ол бұл ретте Көлсай көлінің жағалауында отельдердің салыну мәселесін жеке назарына алатынын атап айтты. 

«Есік көлінің мәселелері ғимараттардың салынуына қатысты емес, мәселе су электр станциясымен байланысты болды және тиісінше су төгілді. Су тапшылығы пайда болды. Бұл мәселені біз Алматы облысының әкімдігімен сөйлесіп, осы келеңсіз жағдайды барынша түзетуге келістік», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

 

Тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату штаттық режимде жүргізілуде 

Сондай-ақ, М. Мырзағалиев тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және оны дұрыс кәдеге жарату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Оның айтуынша, карантин кезінде қоқыс көлемі, әсіресе, қатты тұрмыстық қалдықтар көбейген. Бүгінгі күні көптеген қалаларда қоқысты бөлек жинау енгізілді. Бүгінде министрлік осы жұмысты күшейту, кеңейту, қоқысты бөлек жинау әлі енгізілмеген қалаларды қамту бойынша жұмыс істеуде. Пандемия кезінде қоқысты бөлек жинау және шығару жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар штаттық режимде жүзеге асырды.

«Біз ірі қалаларда қоқыс шығаратын ұйымдарды, қоқыс шығаратын ұйымдар, РБК операторлары арқылы қамтуға тырыстық, мүмкіндігінше бір рет пайдаланылатын маскалар мен медициналық қалдықтар үшін жеке контейнерлерді орналастыруға тырыстық, себебі олар бөлек кәдеге жаратылуы тиіс», — деді министр.

Бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмаған қалалар бар. Олар бірінші кезекте аудан орталықтары, ауылдық округтер.

«Ондай қалаларда біз халықты мұндай қоқысты бөлек пакеттерге жинауға шақырдық, себебі қоқыс өңдеу немесе қоқыс сұрыптау желілеріне түскен кезде, онда сегрегациямен, қоқысты селекциялаумен айналысатын адамдар оларды басқа жәшікке салып, содан кейін медициналық қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын арнайы пештерге шығара алуы керек», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

 

Қазақстанда жануарларды қорғау туралы жаңа заң жобасы әзірленді

Сондай-ақ, министр жануарларды қорғау туралы жаңа заң жөнінде айтып берді.

«Заң жобасы бізде әзірленген, қазір ол басқа мемлекеттік органдармен келісуде, талқылану үстінде. Күзде біз онымен Парламент Мәжілісіне кіруді жоспарлап отырмыз. Біз бұл заң жобасы қоғамның көп назар аударады деп ойлаймыз, өйткені бізде мұндай проблема бар»,  — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жауапкершіліктің тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін күшеюі мүмкін екенін хабарлады.

«Біз соңғы бірнеше айда жануарларға деген варварлық қарым-қатынастарға куә болдық. Ондай фактілер жеткілікті. Жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдату керек деп ойлаймыз», — деді ол.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
14 Маусым 2021, 18:02
Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады
14 Маусым 2021, 17:57
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады
14 Маусым 2021, 17:49
Зиянды шығарындыларды азайту, Су кодексін жетілдіру, экотуризмді дамыту — М. Мырзағалиев халықпен есептік кездесу өткізді
14 Маусым 2021, 16:24
15 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Маусым 2021, 10:16
Ә. Смайылов экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
13 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116
11 Маусым 2021, 19:12
Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы, қалпына келтіру шаралары, заңдарға түзетулер және цифрландыруды енгізу — Ә. Ерғалиевтің есеп беру кездесуі
11 Маусым 2021, 18:36
А. Мамин мен ЕО елшілері «жасыл экономиканы» дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
11 Маусым 2021, 17:59
Балалардың құқықтарын қорғау, жаңа технологияларды енгізу және қылмысқа қарсы күрес — ІІМ басшысы халық алдында есеп берді
11 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №389 Қаулысы
11 Маусым 2021, 15:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №387 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысы
11 Маусым 2021, 12:20
А. Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
10 Маусым 2021, 21:00
Қ. Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты
10 Маусым 2021, 17:51
Қ. Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
10 Маусым 2021, 17:46
Президент Заң көмегі туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды
10 Маусым 2021, 17:41
Жалақыны арттыру, еңбекшілердің мүдделерін қорғау, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау — С. Шәпкенов ЕХӘҚМ қызметі туралы
10 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №383 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №372 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:20
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.06.2021
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.