Парламент палаталарының отырыстары онлайн режімінде көрсетіледі

Парламент депутаттары Сенат және Мәжіліс отырыстарын онлайн режімінде тікелей трансляциялауға оралу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Парламент палаталарының біріккен отырысы барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.

«Қос палата депутаттары диалог құруға дайын, азаматтық қоғамның өкілдерімен де, бұқаралық ақпарат құралдарымен де тұрақты байланыс орнатуға мүдделі», - деп атап өтті төменгі палата спикері.

Онлайн-трансляциялардың басты мақсаты заң шығарушы органның жұмысының ашықтығын арттыру болып табылады, деп түйіндеді Нығматулин.

Трансляциялар Парламенттің ресми сайтында көрсетіледі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу