Ертең Үкімет отырысында 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетті іске асыру бойынша қаулы жобасы қаралады
Ертең, 12 желтоқсан күні ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкіметтің кезекті отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы қаралады.
Аталған мәселе бойынша ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндама жасайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз