Ертең Үкімет отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қаулы жобасы қаралады
Ертең, 18 маусымда Үкімет отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қаулы жобасы қаралады, деп хабарлады баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
«18 маусымда Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Үкімет қаулысының жобасын қарау жоспарланған», - деді А.Әбибуллаев.
ОКҚ ресми өкілі айтып кеткендей, отырыста экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндама жасайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз