Ертең Үкімет отырысында газға бағаны қалыптастыру мәселелері талқыланады
Ертең, 4 ақпан күні ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өтетін Үкімет отырысында газға бағаларды қалыптастыру мәселелері қаралады.
Аталған мәселе бойынша мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалин баяндама жасайды.
Бұдан өзге, көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев азаматтық авиацияның жағдайы және ИКАО талаптары аясында одан әрі дамыту перспективалары жайлы мәлімдейді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз