Ертең Үкімет отырысында ірі қара мал етінің экспортын дамыту мәселелері талқыланады
Ертең 18 ақпан күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін ҚР Үкіметі отырысында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту мәселелерін қарау жоспарланған, деп хабарлады бүгін брифингте ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
«2011-2015 жылдарға арналған ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» кешендік жоспарын жүзеге асыру барысы туралы ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, сондай-ақ облыс әкімдері баяндама жасайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз